Жұлынған сынық – буыннан қатты жарақат алғанда, сіңірлермен байланысып тұрған кішкентай сүйектердің де бірге үзіліп кетуі.
Жұлынған сынық - тікелей күштің әсерінен (мысалы, гандбол ойынындағы аяқтан шалудан) немесе жанама күштің әсерінен (мысалы, футбол немесе баскетбол ойындарында жартылай қорғаушының қасақана итеруінен) болуы мүмкін.
Әдетте, шағын жұлынған сыныққа мұз басады және дем алдырады; кішігірім сынықтардың жазылғаннан кейін, қандайда бір ауру сезімін немесе ыңғайсыздық тудыруы сирек кездеседі.
Егер үзілген сүйек үлкен болса, негізгі сүйектен әлде-қайда бөлектеніп қалса, сіңір байламдары кәдімгідей бөлшектеніп кетсе, оны тек хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіреді. Жас балалар өсуіп келе жатқан кезде жұлынған сыныққа душар болса, оған да тек ота жасау қажет болады.

Тегтер:
жұлынған сынық
сіңірдің үзілуі
байламдардың үзілуі
жұлынған сынықты хирургиялық жолмен қалпына келтіру