Улану қалай болады? Улану кездейсоқ болып қалуы мүмкін, немесе әдейі өзіне қол жұмсау мақсатымен де болып жатады. Деседе, уланудың қандай түрі болмасын, дәрігердің көмегі қажет. Улы заттар тыныс жолдары арқылы организмге сіңіп, зиянын тигізуі мүкін, сонымен қатар теріге құйылып немесе көзге тамып кеткен жағдайда да өз зардабын тартқызады.

Улану дәрежелері - зардап шеккен адамның жас ерекшеліктеріне, улаған заттың түріне және санына да қатысты болып келеді. Табиғатынан қызыққыш келгендіктен, жас балаларда улану қауіпі басым. Уланудан зардап шеккендердің 50%-дан астамы 6 жасқа толмаған балалар. Бүйрегі немесе бауыры ауыратын жандарда да жиі уланып жатады

Қандай шаралар қолдану керек? Егер уланғаныңызды сезсеңіз, дереу токсикологиялық орталыққа, ауруханаға немесе дәрігерлерге хабарласыңыз. Жаныңызда сізді улаған заттың құтысы болса, оны қолыңызға ұстап тұрыңыз, ондағы у жайындағы мәліметті, және оны қашан қолданғаныңызды маманға баяндап беріңіз. Және де жасыңыз бен салмағыңызды дереу есіңізге түсіріп алыңыз.

Улану қаупін сезінсеңіз 03 – ке хабарласыңыз!!!

Тегтер:
Улану, улы заттар, улану қаупі