Тырнақтың саусақ етінен бөлініп қалуы әртүрлі жағдайларда орын алады, мұндай жағдайларға апаратын себептер мынадай:
• Жарақат. Жұлынып қалу, көбінесе тырнағы ұзын адамдарда кездесетін жағдай. Тырнақ кездейсоқ соққыдан немесе қысып алғаннан да орнынан бөлініп қалады.
• Тырнақтың саңырауқұлақ инфекциясы, қол саусақтарына қарағанда, аяқ бармақтарында жиі кездеседі.
Симптомдарына: аяқ терісінің жарылуын, сарғайюын, түссізденгенін, жұқарғанын немесе қатпарланғанын, қатталып жарақаттанғанын жатқызамыз.
• Терінің жағдайы псариозға ұқсас болып келеді.
• Лак кетіретін ацетон немесе кейбір ыдыс жуатын құралдар сияқты химикаттар да кіреді.
• Химиялық терапия немесе антимолярлық ем қабылдағанда білінеді.
• Ауыр срқаттың салдары да осы ауруға себеп болады.
Тырнақ етінен ажырап қалған жағдайда, тырнақты алып тастап, орнын тазалап, құрғатады. Жаңа тырнақ өскенше күту керек.
Тырнақтың түсуіне себеп болатын инфекци немесе тері ауруы да емделуі керек. Егер тырнақ орнынан қозғалып бөлініп қалсса қайта орнына келтіру мүмкін емес. Орнына жаңа тырнақ өскенше күту керек. Әрине тырнақ тез өсе салмайды. Әдетте қол саусақтарының тырнақтары 6 ай ішінде, ал аяқ бармақтарының тырнағының өсуі 18 айға дейін созылады.
Қант диабеті және перифериялық қан айналымы төмендеуі қан ағымының азаюына және аяқтың сезімталдығының жойылуына соқтыруы мүмкін. Емделмеген тырнақ жарақаты асқынуға, ойық жаралар мен басқа да салмақты мәселелерге ұрындыруы мүмкін.

Тегтер:
тырнақтың орнынан бөлініп қалуы
жарақат
саңрауқұлақ инфекциясы
псориаз