Нейрогендік мешкейлік (булимия) - бұл дұрыс тамақтану жүйесінің бұзылуы (қомағайланып тамақ жеу, кейін соны қайта құсып тастау). Мешкейлікке ұшыраған адам аз уақыттың ішінде көп тамақты қомағайлықпен жеп қояды. Одан соң, шамадан тыс физикалық жүктемемен немесе іш жүргізетін, зәр айдайтын не болмаса басқа да дәрі дәрмектермен ішкен-жегенін құсу арқылы шығарады.
Мешкейлікпен зардап шеккен адам өз бітімі мен дене салмағына алаңдап, мазасызданып жүреді. Өзіндік құнын төмен бағалайды. Мешкейлікті анықтау қиын, өйткені адамда жиі айқын симптомдары байқалмайды және салмағы да орташа болады. Тамақтану жүйесі бұзылған адам көп жағдайда өз әдеттерін жасырып, өзіндегі кемшілікті көрсетпеуге тырысады.
Мешкейліктің пайда болу себептерін нақтылау қиын. Бірақ оның физикалық, психологиялық, мәдени және әлеуметтік факторлармен байланысты екені күмәнсіз. Мешкейлік жас әйелдердің арасынада жиі кездеседі. Егде тартқан нәзік жандылардың да қатарында болып жатады, тіпті кейде жасөспірім ұлдар мен қыздар да осы жағымсыз әдетке тап болып қалады. Мешкейлік – ұзақ уақытқа созылатын ауру. Ол жас кезде басталып, егде жасқа дейін жалғасып кете береді. Уақыт өте келе мешкейлік қауіпті ауруларға жол ашып беруі ғажап емес. Десе де,көптеген елделген жандар қомағайлық пен құсуын тоқтатады.
Тегтер:
тамақтанудың бұзылуы
қысқа уақыт ішінде көп мөлшердегі тағам
дене салмағына байланысты мәселелер өзін-өзі бағалауды төмендету
өзін-өзі бағалауды жоғалту
булимияны емдеу
булимия себептері
Құсу
іш өткізетін дәрі