Акустикалық невринома – миды құлақпен жалғастыратын нервтің баяу өсетін ісігі. Мұны вестибулярлық-кохлаерлық жүйке деп атайды. Ол дәл құлақтың артында, ми бөлшегінің төменгі жағында орналасқан. Есту жүйкесінің невриномасы қатерлі ісікке жатпайды. Бұл дегеніміз, ісік дененің басқа бөліктеріне таралмайды. Дегенмен, ісіктің үлкею сатысына байланысты, басқа жүйке жүйелерінің қызметі бұзылуы мүмкін.
Себептері
Акустикалық невринома мен 2 типті нейрофиброматоз (НФ 2) секілді генетикалық аурудың арасында байланыс бар. Акустикалық невриномалар сирек кездеседі.
я
Симптомдары
Симптомдары ісіктің өлшеміне және орналасуына қарай өзгереді. Ісік өте баяу өсетіндіктен, көбінесе, симптомдары 30 жастан асқанда ғана біліне бастайды.
Жиі кездесетін белгілері:
• Тепе-теңдікті жоғалту (вертиго);
• Зақымданған құлақ жағымен естімей қалу ;
• Зақымданған құлақтағы шуыл (тиннит).
Сирек кездесетін белгілері:
• Сөзді дұрыс түсіне алмау;
• Бас айналу;
• Бас ауыруы;
• Тепе-теңдікті жоғалту;
• Беттің немесе құлақтың ұйуы;
• Бет немесе құлақтың айналасы солқылдайды;
• Бет бұлшық етер әлсізденеді.

Диагностикасы
Емдеуші дәрігер неврологиялық тексерудің, немесе неврологиялық тестілердің негізінде акустикалық невриноманы сіздің ауыруыңыздың сипаттарына қарай, байқауы мүмкін. Ауру сипаттарын білгеннен кейін, жиі дәрігердің қарауында болсаңыз нормадан тыс ауытқулар, асқынулар бола қоймайды.
Кейде мынадай ауру белгілері байқалуы мүмкін:
• Беттің бір жағында сезімталдық төмендейді;
• Беттің асимметриясы;
• Жүрістің қалыпты болмауы.
Миды МРТ-ға түсіру арқылы невриноманы егжей-тегжейлі анықтауға болады. Басқа да әдістер арқлы ісіктің бар екенін, бас айналудың себептерін білуге болады:
• Есту қаблетін тексеру (аудиологиялық тексеру)
• Тепе-теңдік пен үйлесімді зерттеу (электронистагмография)
• Есту қабілеті және ми діңгегі қызметін тексеру (туындаған есту потенциалдары)
Емдеуі
Емдеу шаралары науқастың жасы мен жалпы ден саулығына қарай, ісіктің өлшемі мен даму қарқынына байланысты қолданылады. Дәрігермен бірге ісікті бақылауыңыз қажет, ісіктің өсуінің алдын алу үшін сәулелік емдеуді қолдану немесе оны алып тастау қажет.
Көптеген акустикалық невриномалар шағын болып келеді және баяу өседі. Ісіктің өлшемі шағын, саны аз болса, немесе симптомдары болмаса, қандай да бір өзгерістердің пайда болуын бақылау керек, әсіресе, бұл егде жастағы науқастарға қатысты. Ұдайы МРТ өткізу қажет.
Егер емделмесе, кейбір акустикалық невриномалар естуге және тепе-теңдік сезіміне жауап беретін нервтердің зақымдауы мүмкін. Олар бет аумағындағы бұлшық еттің қимылына, сезімталдыққа жауап беретін нервтерді зақымдайды. Ісіктің өлшемі үлкен болса, мида сұйықтық жиналуы мүмкін (гидроцефалия), бұл өмір үшін қауіпті жағдай.
Акустикалық невриномалар көбенесе мынадай жағдайларда алынады:
• Ісіктің өлшемі үлкен болса;
• Түрлі симптомдары болатын ісіктер
• Тез өсетін ісіктер
• Миды қысатын ісіктер
Хирургиялық емдеу ісікті алып тастау үшін және басқа да нервтерді зақымдаудың алдын алу үшін қолданылады. Жалпы хирургияның араласуы естуді қабілетін қалпына келтірмейді.
Стереотаксикалық радиохирургия күшті рентген сәулелерін шағын аумаққа түсіруге негізделген. Бұл әдіс – сәулелік емдеудің бір түрі, хирургиялық шара емес. Ол былай қолданылуы мүмкін:
• Кесіп алып тасталуы қиын ісіктердің өсуін бәсеңдету үшін немесе тоқтатата тұру үшін;
• Хирургиялық жолмен емделуге мүмкіндігі жоқ жандардың, мысалы, егде жастағы адамдар немесе денсаулығында күрделі мәселелер бар науқастарды емдеу үшін.
Акустикалық невриномаларды жою кезінде, нервтер зақымданып, одан кейін, құлақ естімей немесе беттің бұлшық еттері әлсіреп қалып жатады. Бұл ісіктің көп мөлшерде үлкейіп кеткендігінің белгісі.
Болжамы
Акустикалық невриномалар – қатерлі ісік емес. Ісік дененің басқа бөліктеріне таралмайды (метастаз бермейді). Дегенмен өссе, және мидың түрлі құрылымын қысуы мүмкін. Шағын, баяу өсетін ісіктері бар науқастарға емделу қажет емес.
Хирургиялық немесе радиохирургиялық емдеу есту жүйесін қалпына келтіре алмайды.
Асқыну қаупі
• Көбінесе, миға ота жасау кезінде ісік толығымен жойылады.
• Науқастардың көпшілігінде ісіктің өлшемі шағын болса, операциядан кейін беттің тұрақты салдануы болмайды. Дегенмен, шамамаен, адамдардың бірлі жарымында үлкен ісікті операциялық жолмен алғанда беттің бұлшық етінің әлсіздігі пайда болады.
• Шамамен, ісік көлемі кішкентай науқастардың тең жарымында хирургиялық емдеуден кейін зақымданған жағында естуі жоғалмайды.
• Радиохирургияны өткізгеннен кейін күтпеген жағымсыз жағдайлар да орын алуы мүмкін: нервтің зақымдануы; естімеу; беттің салдануы секілді қолайсыз көріністер.
Қай кезде дәрігерге көріну қажет
Мына белгілер болса, дәрігерге көрініңіз:
• Құлағыңыздың қайта естімеуі үдей түссе;
• Бір құлағыңыз шуылдап тұратын болса;
• Басыңыз айналып, жоғары-төментеіселсе. (вертиго)
Синонимдері
Вестибулярлық шваннома; есту нервісінің невриномасы; көпірлі-мишықтық бұрыштың ісігі; бұрыштың ісігі
Ақпарат көзі: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000778.htm
Hearing Loss (male | female)
Vertigo (male | female)

Теги:
Есту жүйкессінің невриномасы
Есту жүйкесінің қатерсіз ісігі
Құлақтың ішкі ісігі
Есту жүйкесі
Естімей қалу
Құлақтағы дыбыс
Невринрманың емделуі
Невриноманың емделу
Невриноманың хирургиялық жолмен емделуі
Бас айналу