Мазмұны

Несеп ұстамауы дегеніміз не?

Несеп ұстамауының түрлері бар ма?

Несеп ұстамау қартаю үрдісінің құраушысы ма?

Несеп ұстамаудың себептері қандай?

Ауру қалай емделеді?

Кегель жаттығулары дегеніміз не?

Кегель жаттығулары

Несеп қабын жаттықтыру дегеніміз не?

Дәрілер немесе операция ауруды жеңуге көмектеседі ме?


Несеп ұстамауы дегеніміз не?

Несеп ұстамауы дегеніміз несепқаптың жұмысын бақылай алмау, яғни, несеп шығару үрдісі кейде бақылауға келмейді. Ауру несептің азғантай мөлшерін ұстамаумен (мысалы, жөтелде және күлгенде) және несеп шығарғысы келген күшті сезімді бақылаудағы қиындықтармен де сипатталуы мүмкін. Бұл жайсыздық әкелуі мүмкін, сізге бұл жайында дәрігермен кеңесу қажет. Несеп ұстамауын емдеуге болады.

Kz Ompszh

Әйелдердің несеп-жыныс жүйесі

Kz Ompsm

Ерлердің несеп-жыныс жүйесі

Несеп ұстамауы миллиондаған ересек адамдардың арасында кездеседі. Көбінесе, 50 жастан асқан адамдар, әсіресе, әйелдер жиі ауырады. Бірақ, ауру жас адамдарда да, әсіресе, әйелдердің босанған кезінде пайда болуы мүмкін.

Дәрігермен осы мәселе уралы кеңесу қажет. Несеп ұстамауы кезінде бөріткен, ойық жара, тері инфекциялары және несеп жолдарының инфекцияларының пайда болу қаупі артады. Дәрігерге көрініп, мәселені шешіп, достарыңыз бен отбасының мүшелері арасында сезінетін ыңғайсыздықтан құтылуға болады.


Несеп ұстамауының түрлері бар ма?

Иә. Несеп ұстамауының 5 түрі бар. Төменде олардың әрқайсысының сипаттамасы келтірілген.

Күйзелістік несеп ұстамауы

Күйзелістік несеп ұстамауы іштің төменгі бөлігінің бұлшық еттерінің кенеттен ширығуында пайда болуы мүмкін, мысалы, жөтелде, күлгенде, ауыр көтергенде немесе дене жаттығуларын орындауда. Күйзелістік несеп ұстамауы, әдетте, босанудан кейін немесе оперативтік араласудан кейін пайда болатын жамбас түбі бұлшық еттерінің әлсіздігіне байланысты. Күйзелістік несеп ұстамауы әйелдерде жиі кездеседі.

Ургенттік (кенеттен) несеп ұстамауы

Бұл кенеттен, күтпеген жерден несеп шығарғысы келудің пайда болуымен сипатталады. Организм несеп шығаруға сигналды оның пайда болуына дейін бірнеше секунд немесе минут қалғанда ғана береді. Несеп ұстамаудың бұл түрі егде адамдар арасында жиі кездеседі және несеп шығару жолдары инфекциясының немесе аса белсенді несепқаптың белгісі болуы мүмкін.

Несепқаптың толып кетуіндегі несеп ұстамауы

Несеп ұстамауының бұл түрі несептің шағын мөлшерінің бақыланбай ағуымен сипатталады. Ауру несепқаптың толып кетуінде пайда болады. Несепқапты толығымен босата алмайтындай болып көрінеді, бұл үшін несеп шығаруда ширығуға тура келеді. Бұл ерлерге көбірек тән және ұлғайған қуық асты безімен немесе ісікпен несептің ағуының тежелуінен туындауы мүмкін. Диабет және кейбір дәрілік препараттар осы мәселенің себебі болуы мүмкін.

Функционалдық несеп ұстамауы

Бұл түрі несепқаптың жұмысы қалыпты бақыланғанымен, бірақ, оның уақытылы босатылуындағы қиындықтардың болуымен сипатталады. Дәретханаға уақытылы жете алмаудың себебі артрит немесе қозғалу қиындайтын басқа аурулар болуы мүмкін.

Аралас несеп ұстамауы

Бұл түрі несеп ұстамауының жоғарыда келтірілген бірнеше түрлерінің қатар болуымен сипатталады.


Несеп ұстамау қартаю үрдісінің құраушысы ма?

Жоқ, бірақ, жасқа байланысты өзгерістерге байланысты несепқаптың сыйымдылығы азаюы мүмкін. Қартаю несептің ағынының азаюына және несеп шығарудың жиілеуіне апаруы мүмкін. Бірақ, бұл қартаюға байланысты несеп ұстамауы пайда болады дегенді білдірмейді. Дұрыс емдеуде ауруды бақылауға немесе емдеп, жазуға болады.


Несеп ұстамаудың себептері қандай?

Несеп ұстамауы түрлі аурулардан, оның ішінде, жамбас түбінің бұлшық еттерінің әлсіздігінен немесе диабеттен туындауы мүмкін. Төменде несеп ұстамауының жиі кездесетін себептерінің тізімі келтіріледі:

Несеп ұстамаудың себептері

  • Әйелдер үшін: іншектің немесе үрпінің сілемей қабатының құрғақтығы және жұқаруы, әсіресе, менопаузада.
  • Ерлер үшін: қуық асты безінің ұлғаюы немесе операциясы
  • Босанудан кейінгі жамбас түбі бұлшық еттерінің әлсіреуі және созылуы
  • Кейбір дәрілік препараттарды қабылдау
  • Тоқ ішектегі нәжістің жиналуы
  • Артық салмақ және семіздік, оның салдарынан несепқапқа және оның жұмысын бақылайтын бұлшық еттерге қысым артады.
  • Несеп шығару жолдарының инфекциясы
  • Қантамыр аурулары.
  • Диабет, Альцгеймер ауру және шашыраңқы склероз секілді аурулар.



Ауру қалай емделеді?

Емдеу мәселені тудырған себептен және несеп ұстамаудың түріне байланысты. Егер несеп ұстамау ауруға байланысты болса, сауыққанда жойылады. Кегель жаттығулары және несепқапты жаттықтыру жамбас түбінің бұлшық еттерін нығайтуда көмектеседі. Сондай-ақ, несеп ұстамауды емдеу үшін дәрілік препараттар тағайындалуы және оперативтік араласу өткізілуі ұсынылуы мүмкін.


Кегель жаттығулары дегеніміз не?

Күйзелістік несеп ұстамауын Кегель жаттығулары аталатын арнайы жаттығулардың көмегімен емдеуге болады. Бұл жаттығулар несепқапты бақылайтын бұлшық еттерді нығайтуға көмектеседі. Жаттығуларды кез келген жерде және кез келген уақытта орындауға болады. Алғашқыда Кегель жаттығулары әйелдер үшін әзірленгенімен, олар ерлерге де көмектесе алады. Жағдайдың жақсаруы 3-6 ай бойы ұдайы жаттығудан кейін орын алады.


Кегель жаттығулары

  • Дұрыс бұлшық етін табу үшін асқазанды, аяқты немесе бөксенің бұлшық еттерін қоспастан несеп ағуын сәл тоқтатып немесе бәсеңдетіп көріңіз. Осыны жасай алатын болғанда, дұрыс бұлшық еттерін табасыз.
  • Осы бұлшық еттерін ширықтыру қажет. Осы жағдайда қалып, 10-ға дейін санаңыз, одан кейін босаңсытып, тағы да 10-ға дейін санаңыз.
  • Осы жаттығуды 10-20 реттен, күніне 3 рет қайталау қажет.
  • Жаттығулардың жеңілдетілген нұсқасынан бастауға тура келуі мүмкін, бұл үшін бұлшық еттерін 4 секунд ішінде жиырып, босаңсыту қажет және осы жаттығуда 10 реттен, күніне 2 рет орындаңыз. Біртіндеп жүктемені арттыруға болады.



Несеп қабын жаттықтыру дегеніміз не?

Несепқапты жаттықтыру – бұл несеп ұстамауын бақылау тәсілі. Бұл жаттығу әдетте, күйзелістік, кенеттен несеп ұстамауы үшін, сондай-ақ, аралас несеп ұстамауы үшін жарамды.


Дәрілер немесе операция ауруды жеңуге көмектеседі ме?

Несеп ұстамауының кейбір түрін емдеу үшін дәрілік преапараттарды тағайындау ұсынылуы мүмкін. Мысалы, жеңіл күйзелістік несеп ұстамауын емдеу үшін кейбір әйелдерге іншекті ылғалдандыратын эстрогенді кремдер тағайындалады. Ерлерге қуық асты безінің өлшемін кішірейтетін және несеп ағуын жақсартатын дәрілік препараттар тағайындалуы мүмкін. Несеп ұстамауының түрін емдеу үшін препараттарды тағайындау мүмкіндігі туралы дәрігермен кеңесу қажет.

Кейде ауруды емдеу үшін оперативтік емдеу ұсынылады;операция әйелдердегі күйзелістік несеп ұстамауын емдеу үшін және ерлердегі несепқаптың толып кетуімен байланысты несеп ұстамауын емдеу үшін қолайлы, әсіресе, қуық асты безінің ұлғаюымен байланысты болса. Оперативтік емдеу басқа емдеу әдістері көмектеспеген жағдайда орындалады.