ОЙ КҮШІ ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІ

Ой күші: оны қаншалықты көп жұмсасаңыз — есте сақтау қабілетіңіз соншалықты жақсарады

Адамдардың көпшілігін қартайған кезде ой ширақтығын қалай сақтау керектігі мазалайды. Расында да, ой мен сана таза-
лығы болмаса, дене күші, әлеуметтік байланыстар, материалдық жағдай секілді артықшылықтардың ешқандай мәні болмай қалады.
ми
Қартаю туралы ең кең тараған аңыздардың бірі жас ұлғайғанда есте сақтау және ақыл-ой қабілеті жоғалады дегенге саяды. Бұл қорқыныш көбіне тым артық және негізсіз. Біз адамдардың есімдерін немесе үйдің кілтін қойған жерімізді ұмытып қаламыз (айтпақшы, бұларды жасөспірімдер де жиі ұмытады) және бұны қарттарда болатын ұмытшақтықтың немесе ақыл-ой кемістігінің ерте басталған белгілері деп ойлаймыз. Осы ойымызды қате деуге негіз бар. Қариялардың аз ғана бөлігінде жасқа байланысты есте сақтау қабілетінен айырылу немесе Альцгеймер сырқаты дамиды.

Жан-жағыңызга қараңыз, есте сақтау қабілеті тамаша және ақыл-ойы ширақ қарттарды кез келген сәтте кездестіруге болады

Бұрын ми тіні қартайған кезде кішірейеді деп саналған. Алайда нақтамалау медицинасы жетістіктерінің арқасында ғалымдар бұл үдерістің соншалықты айқын болмайтындығын анықтады. Ақыл-ой және дене белсенділігін сақтаған 80-90 жастағы адамдардан алынған мәліметтер олардың миларында азғантай ғана өзгерістердің болатынын көрсетті. Және бұл өзгерістер мидың белгілі бір бөліктерінде болады, ал қалған бөлігі сау күйінде қалады.
Әрине, қариялардың көбінде есте сақтау қабілетінің және сананың төмендеуіне алып келетін белгілі бір ми өзгерістері дамиды. Алайда, біздің организміміздің басқа бөліктері секілді, бұл өзгерістердің себебі қартаю емес, дұрысы, мидың қуат-қабілетін жеткіліксіз және дұрыс пайдаланбауымыздан деп түсіну керек.

Қарым-қатынасты шектемеу және жадты жаттықтырудың мәні зор

Жадтың — есте сақтау қабілетінің екі түрі бар: қысқа және ұзақ мерзімді. Қыска мерзімді есте сақтау қабілеті, мысалы, сіз жана ғана естіген нәрселерді, кісі атын немесе телефон нөмірін, есте сақтау үшін пайдаланылады. Егер бұл ақпаратты дүркін-дүркін қайталамасаңыз немесе мұндай есте сақтау қабілетін жаттықтырмасаңыз, сол сәтте-ақ естен шығарасыз. Егер есіңізде сақтап қалсаңыз, бұл ақпарат ұзақ мерзімді жадқа ауысады.
Жадтың, яғни есте сақтау қабілетінің мидың жүйке жасушалары арасындагы көзге көрінбейтін байланыстың көлеміне тәуелді екендігін ғылыми зерттеулер көрсетті. Аталған оқиға эмоциялық сипатқа ие немесе ол өзіңіз білетін нәрсеге қатысты болса, осы байланыстар пайда болады және нығая түседі. Егер жадты жаттықтырмасаңыз, мидың жүйке жасушалары арасындағы байланыстар саны азаяды. Алайда ойды ынталандыратын болсаңыз, мида көптеген жаңа байланыстар дамиды, бұл есте сақтау қабілетінің нығая түсуіне көмектеседі. Мүмкін, сіз таңғаларсыз, бірақ жадты жаттықтырудың арқасында қариялардың ұмытшақтығын қалпына келтіруге әбден болады.
бейнелеу
Мүмкін, қариямен салыстырғанда жас адам қағазда жазылған сөздердің көпшілігін есінде сақтап қала алатын болар. Алайда жадты тиісті түрде жаттықтырған жағдайда, қарт адамның миының есте сақтау қабілетін үш еседен артық жақсартуға болады. Және де қарт адамдардағы бұл қабілет жаттықтыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда да, есте сақтау қабілетін жаттықтырмаған жастармен салыстырғанда да басым түседі.
Жадты үнемі жаттықтыру және жаңа нәрселерді білуге құштарлық есте сақтау және ақыл-ой қабілетінің тозуына жол бермейді. Тың нәрселерді іздеу және біздің миымызды ынталандыратын іс-әрекеттің бәрі мидың жүйке жасушалары арасындағы байланысты дамытады, есте сақтау қабілетін күшейтеді, ойлау қабілетін жақсартады.

Есте сақтау қабілетін нашарлататын факторлар

Ғалымдар есте сақтау қабілетін нашарлататын бірқатар факторларды анықтады. Олар:
• ұйқының жеткіліксіздігі (немесе ұйқы шақыратын дәрілерді тым көп қолдану);
• есту және көру мүшелерінің кінараты;
• алкогольге әуестену;
• үрей;
• торығу;
• қарым-қатынас жеткіліксіздігі;
• темекі шегу;
• стрестік ахуалдар;
• нашар тамақтану;
• теледидарды ұзақ көру;
• торығуға қарсы дәрілер (антидепрессанттар);
• жоғары қан қысымын емдейтін дәрілер;
• ақпараттың шамадан тыс көптігі;
• салбөкселік.

Есте сақтау қабілетін жақсартатын факторлар

Ғалымдар есте сақтау қабілетін жаттықтырудың және жақсартудың төмендегі жолдарын ұсынады:

Есте сақтау қабілетін және ойлау қызметін ынталандыратын ойындар

Шахмат, дойбы ойнау, сөзжұмбақ шешу, мозаика құрастыру және осы секілді басқа да ермектер есте сақтау және ақыл-ой қабілеттерін жақсы дамытады. Бір қызығы, мозаика құрастыруды үйренген адамдар жол картасын жақсы бағдарлай алады. Яғни бұл ойындардың пайдасы мол болғаны.

Музыкалық аспапта ойнауға ден қойып көріңіз

Күйсандық немесе басқа музыкалық аспапта ойнауды үйренемін деп шешкен сәтте адамның миында рухани және бойдағы қуатты ынталандырғыштар пайда болады. Бұл ынталандырғыштар музыка ноталарын орындауға қатысатын әр түрлі бұлшық ет топтарын барынша жақсы басқаруға және бақылауға қатысады. Адамның миы музыка ноталарын біздің саусақтарымызға, содан кейін музыкалық дыбыстар мен композицияларға ауыстыруды үйрете бастайды.

Үйде қандай да бір затты жөндеуді үйреніңіз

Бұрын жөндеп көрмеген немесе жөндеуге қол тимей жүрген бір затты жөндеп көріңіз. Мұнда жөндеудің өзі емес, ынта және сіз жанадан ие болатын дағды маңызды.

Өнерге немесе поэзияга ден қойыңыз

Егер сіз романдар мен мемуарларды көп оқитын болсаңыз, өміріңізді түрлендіре түсу үшін көркемсуретке ден қойыңыз. Қыл-қаламдар жиынтығы мен акварель бояуын сатып алып, картиналар салуға кірісіңіз. Егер бұл да қолыңыздан келетін болса, өлең жазумен әуестеніңіз.
портрет

природааа

Таза ауада жиірек және ұзағырақ серуендеңіз

Таза ауада қаншалықты көп қозғалсаңыз, оттегі қанға және миға соншалықты көп сіңеді. Бұл есте сақтау және ойлау қабілетін жақсартады деп есептейді ғалымдар.

Адамдармен көбірек қарым-қатынаста болу қариялардың ақыл- ойын ширата түседі

Жалғыздықтың, қарт адамдардың жазы мен есту қабілетінің нашарлауын тездететіні дәлелденген. Гарвард университеті ғалымдары жүргізген ғылыми зерттеулердің бірінде адамдармен жиі қарым-қатынас жасау, бір табиғи үрдісті тежейтіні дәлелденген. Жалғыздықта қалған карттардан гөрі, көпшілікпен араласатындардың ойлау қабілеті екі есе жоғары болады. Өмірге деген кұштарлығыңызды оятып, жаныңызға рух себетін адамдармен жақын жүріңіз.
Қарттардың ақыл-ой кабілеті мен жадын шынықтыруға жәрдемдесетін қарым-қатынас ортасында өз отбасын, туыстарын, достарымен бұрынғы қызметтес жолдастарын жатқызуға болады.
Ми жұмысын жақсартудың ең оңтайлы жолы — ақылды және жан-жақты адамдармен қарым-қатынас жасау. Олармен әр түрлі тақырыпта, жақында болған оқиғалар, кітаптар және басқа да көптеген дүниелер туралы әңгімелесуге болады.

ОПТИМИСТ БОЛЫҢЫЗ

Түрлі сырқаттары бар адамдармен салыстырғанда дені сау адамдардың ұзақ өмір сүретіні анық. Сондай-ақ оптимизмнің де аурулардың алдын алатыны және сауығуды жылдамдататыны белгілі. Оптимизмнің өмірді айтарлықтай ұзартатындығын ғылыми зерттеулер көрсетті.
Нидерландыда 15 жыл бойы жүргізілген екі ғылыми бақылауда қара аспанды суалтатын пессимистермен салыстырғанда нар тәуекелге бел буған, тауы шағылмаған оптимистердің арасында жүрек-қан тамыр ауруларынан өлгендер саны 55 пайызға төмен
екендігі анықталды. Бұл зерттеу жүрек-қан тамыр ауруларының дәстүрлі қауіп факторлары және торығу жағдайлары ескеріліп, 545 ер адамға жүргізілді. Сондай-ақ Нидерландыда 65 және 85 жас аралығындағы 941 әйел мен ер адам ішінде пессимистермен салыстырғанда оптимистер арасындағы өлім-жітім 45 пайызға төмен екендігі анықталды.
балакай
Американдық ғалымдар жүргізген зерттеуге 839 адам қатысты. Оларға 1960 жылдардың басында оптимизм пессимизмге психологиялық тест, сондай-ақ толық медициналық тексеру жүргізілді. 30 жыл өткен соң оларды толығымен қайта тексергенде психологиялық оптимизмнің тестідегі әрбір 10 ұпайының өлім-жітімнің 19 пайызға
төмендеуіне сәйкес келетіні анықталды.
Басқа бір зерттеуде 1960 жылдары, студенттік кезінде психологиялық тестіден өткен 6969 американдықтың тағдырлары талданды. Соңғы 40 жыл ішінде олардың 476-сы әр түрлі себептерден қайтыс болған, олардын ішінде ең жиі байқалған себеп — обыр дерті. Опимистермен салыстырғанда пессимист ретінде сипатталғандардың арасында өлгендердің 42 пайызға жоғары екендігі анықталды.
Әрине, оптимизм мен денсаулық арасындағы байланыстың шынайы механизмдері туралы дұрыс қорытынды шығару үшін анағұрлым терең ғылыми зерттеулер жүргізу керек. Алайда жағымды көңіл күйдің бізді ауру-сырқаудан сақтайтыны және ғұмырымызды ұзартатыны анық.

АДАМҒА ЖАСАҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ - ҒҰМЫРДЫ ҰЗАРТАДЫ

Денсаулықтың жақсы болуының және өмір өзегінің маңызды шарты - альтруизм. Альтруизм бұл жақындарымызға және айналамыздағы адамдарға қамқорлык көрсету, олардың мүдделерін қорғау қабілетіміз. Соңғы уақытта айналадағы адамдарға қамқорлық жасаудың денсаулыққа зор пайдасы бар екендігін көрсететін ғылыми жарияланымдар көп шығып жүр. Атап айтқанда, басқа адамдарға жақсылык жасай отырып біз өзімізге жақсылық жасаймыз дейді ғалымдар. Және де мұндай байланыс жасымыздың организмімізге әсерін сезген сәттен бастап ерекше байқалады.
Альтруизм әр түрлі пішінде көрініс табады — күнделікті көрсетілетін қамқорлық пен аяушылықтан бастап, Тереза Ананың жанкешті іс-әрекетіне дейін. Басқаларға қамқорлық жасау жолында жүрген адамдардың көпшілігі күш-қуаттың артуы, сабырлылық, өз-өзін жоғары бағалау, бұрын мазалаған ауырсынулардың азаюын қосқанда, денсаулық көрсеткіштерінің бірталай жақсарғандығын айтқан. Бұның бәрі көбіне жас үлғая келе байқалған.
Бұл феноменнің механизмдері әзірге түсініксіз болғанымен, өзгелерге белсенді түрде қамқорлық көрсету күнделікті стреске төтеп беруге көмектеседі деп болжауға негіз бар. Стресс кезінде организмге стресс гормондары шапшиды, олар жүрек лүпілін жиілетеді, қан қысымын жоғарылатады, қандағы холестерин мөлшерін көбейтеді. Басқаларға қамқорлық көрсету стреспен күресуге көмектеседі, демек, аталған жағымсыз құбылыстарға жол бермейді.
Басқаларға көмектесе жүріп, сіз бойыңыздан бұрын өзіңіз де білмеген жаңа мүмкіндіктерді ашасыз. Бұл стрестік жағдайларды оңай көтеруге көмектесе отырып, өз-өзіңізді бағалауыңызды жоғарылатады.
Бұған қоса, адамдарға қамқорлық жасау қарым-қатынас аясын кеңейтеді. Жоғарыда айтылғандай, жалғыздық және араласатын адамдардың шектеулі болуы көптеген аурулардың туындауына ықпал етіп, денсаулықты нашарлатады. Басқаларға қамқорлық жасауға ұмтылу, есіркеу және кешіру — бұл жай ғана философиялық ұғымдар емес. Бұларға деген қажеттілік адам есейіп, ақыл тоқтаткан соң келеді, ол аурудың алдын алып, денсаулықты нығайта отырып, прак-
тикалық мәнге ие болады.
Төменде жақсылық жасауға деген құштарлықты қалай дамытуға болатындығы туралы ұсыныстар келтірілген.
Алдымен мейірімділік пен қамқорлық көрсету деген не, соны анықтап алу керек. Бұларға сырқаттанып жатқан туысыңыздың көңілін сұрауды, аула немесе көше тазалауды, т.б. жатқызуға болады.
ребенок мама

семья
Жетім балаларға, мүгедектерге немесе қарияларға бөле алатын белгілі бір уақытты белгілеу керек.Тәжірибе көрсеткендей, қамқорлыққа шынымен де зәру адамдарға көмек көрсету адам бойында бәрінен де мол қанағаттану сезімін тудырады.
Балаларыңыз немесе немерелеріңіз оқитын мектептің мұғалімдерімен сөйлесіңіз және қандай да бір көмегіңізді ұсыныңыз. Басқа ата-аналармен бірлесе отырып, өз балаңыздың ғана емес, басқа балалардың да оқуы мен тәрбиесін жақсарта аласыз. Балалар үйінде, ауруханаларда, қарттар үйінде де осылай жасауға болады.
Алдына үлкен қоғамдық міндеттер қоятын қандай да бір топқа қосылыңыз. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, үлкен мақсаттар адамның әлеуметтік жауапкершілігін және өз-өзін бағалауын жоғары-
латады, денсаулығын жақсартады және ұзақ ғұмыр көкжиегін кеңейтеді.