Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алған әлдеқайда оңай. Бұл үшін сырқаттардың алдын алу, ерте анықтау және олардың қауіп факторларын ерте білу жөніндегі көптеген тиімді әдістер бар.
Аурудың алдын алу жұқпалы ауруларға жол бермеу үшін егу, тісті күту, балалар мен қарттарда сүйектің жұқаруына жол бермеу үшін дәрумендер мен микроэлементтер қабылдау секілді көптеген маңызды шараларды көздейді.
Сырқаттарды және олардың қауіп факторларын ерте аныктап скрининг деп аталады. Ол арнайы тестілердің көмегімен дәрігерлік тексеруден ара-тұра өтіп тұруды көздейді.
даригер
Еш себепсіз азып кету, үлкен дәреттің бұзылуы, ентігу және аяқасты басталатын бас ауруы секілді ықтимал белгілердің туындауына зер салып, олар жөнінде дәрігермен ақылдасып отыру керек. Аталған белгілер күрделі аурулардың алғашқы көріністері болуы мүмкін.
Барлық ауруларға скрининг жүргізу мүмкін емес және қажет те емес. Әдетте белгілі бір ауруға адамда бейімдік болса, және тиімді емдеуге болатын ауруларға скрининг жүргізіледі. Мысалы, инфаркттен инсульт қаупін тудыратын жоғары артериялық қан қысымына және қандағы холестерин денгейінің көтерілуіне скрининг жүргізу жылға сыйымды. Артериялық қан қысымының көтерілуін өмір салтын өзгерту және дәрі қабылдау арқылы тиімді емдеуге болады. Қан-дай да бір аурудың пайда болу қаупі адамның жасына және жынысына байланысты болғандықтан, скрининг тестілері әр түрлі жас топтарына қарай бөлінеді.

Балаларды егу және жұқпалы аурулардан қоргау

Алдын алу шараларының ішіндегі ең белгілі әдіс - егу (вакцизация). Егу кезінде әлсіреген немесе өлтірілген микробтар бала тәніне енгізіледі, бұл аталған микробтан қорғау және аурулардың дамуына жол бермеу үшін қажет. Егу (немесе иммунизапия) күл, сіреспе, полиомиелит және т.б. өлімге душар ететін жұқпалы (инфекциялық) ауруларға бөгет қоюға мүмкіндік береді. Егу көбіне сәби кезде жүргізіледі, өйткені ол көптеген дерттерден адамды өмір бойы қорғайды.
Стандартты вакциналар жас балаларға төмендегі ауруларға қарсы егіледі:
— күл;
— сіреспе;
— көкжөтел;
— қызылша;
— полиомиелит (жұлын қабынуы);
— туберкулез;
— В гепатиті;
— гемофильді Ь инфекциясы.
мальчик
Сонымен бірге, төмендегі ауруларға қарсы жаңа, тиімді, алайда әзірге сирек қолданылатын вакциналар дайындалды:
— эндемиялық паротит;
— қызамық;
— пневмококк инфекциясы;
— ротавирусты инфекция.
Мына кестеде негізгі жұқпалы аурулардан қорғау үшін балаға қай жаста және қандай вакциналар егу керектігі көрсетілген. Аталған вакциналар негізінен бала кезде егіледі. Алайда ересек адамдарға да вакцина егу қажеттігін есте сақтаған жөн. Мысалы, 16 жастан кейін әрбір 10 жыл сайын сіреспеге қарсы егілу керек. Қарт адамдарға жыл
сайын күздің басында грипке (тұмау) қарсы егілу қажет. Бұған қоса қарттарға пневмококк вакцинасы да керек.
Эдвард Джаннер шешекке қарсы алғашқы вакцинаны ойлап тапқан кезден 200 жыл өтті. Осы уақыт ішінде әр түрлі вакциналарды көмегімен планетадағы миллиардтаған адамдардағы қорқынышты инфекциялық аурулардың алдын алуға қол жеткізілді. Вакцинацияның көмегімен әлемде шешек жойылды, полиомиелит пен күл секілді қауіпті сырқаттарға қарсы күрес жемісті жүргізіліп келеді.

Инфекцияларға
қарсы
вакциналар 1-4
күн
2 ай 3 ай
Егілетін жасы
4 ай 12-15
ай
18 ай 6 жас
Туберкулез
Полиомиелит
В гепатиті
Көкжөтел, күл,
сіреспе
Гемофильді
Ь инфекциясы
Қызылша. қыза-
мық, паротит кубики
Егудің адам өмірі үшін аса қажет екені анық, соған қарамастан бұл емшараның қауіпсіздігі және пайдалығы әлі күнге түрлі айтыстар туғызуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына құлак ассақ, әр бала вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын ауруларға бөгет қоюға құқылы. Бүгінгі әлемде біз мұндай аурулармен сирек кездесеміз, өйткені олардан вакцинанияның көмегімен тиімді қорғана аламыз. Бұл адамзатқа енді бұдан артық вакцинацияның қажеті жоқ деген ой тудыруы мүмкін. Алайда бұл қате пікір.
ребенок
Вакциналар иммундық жүйені әлсіретпейді, керісінше, оның нақты ауруларға қарсы тұруын күшейтеді. Егу иммундық жүйені әлсіретеді деген пікір жай ғана аңыз. Бүгінгі күні егудің иммундық жүйені жаншитындығын растайтын ешқандай дәлелдер жоқ. Керісінше, вакцина белгілі бір ауруға қарсы егіле отырып, организмнің дәл сол аурудан қорғану күшін арттырады. Жыл сайын егу көмегімен миллиондаған балалар қызылша, сіреспе, күл, полиомиелит секілді аурулардан қорғанады, ал бұл аурулардан сәбилердің шетінеуі немесе мүгедек болып
қалуы мүмкін.
Кейбір адамдар вакцинаны тым көп егу баланың иммундық жүйесіне кері әсер етеді деп санайды. Ғылыми зерттеулер бойынша, 2 жасқа толғанша сәби 23 ретке дейін егіледі. Дәрігерге бір барғанда 5 ретке дейін вакцина егуге жол беріледі. Кейде аллергиялық және басқа реакциялар пайда болуы мүмкін, бірақ қоршаған ортада ұшырасатын миллиардтаған бактериялармен және вирустармен салыстырғанда олардың қаупі сөз етуге тұрмайды.
Қауіптілігі төмен қарамық пен паротиттен егудің қажеті жоқ деген пікір де қате. Расында да, бұл ауруларды, сондай-ақ қызылшаны немесе көкжөтелді адамдардың көбі жеңіл көтереді. Алайда, бұл дерттер кей адамдарда өлімге душар ететін күрделі асқынуларды тудыруы мүмкін. Сондықтан, әсіресе егер оларға қарсы вакцина бар болса, кез-келген жұқпалы аурудың, тіпті қауіптілігі төмен аурулардың алдын алу өте маңызды.
Кей адамдар бұрынғы заманмен салыстырғанда қазіргі уақытта жұқпалы аурулардың қаупі жоқ деп санайды. Бұл олай емес. Жұқпалы аурулардың қаупі дәл осы вакциналардың көмегімен айтарлықтай азайды. Егу бағдарламасының тоқтатылуынан немесе сапасыз вакциналар қолдану салдарынан ұмыт болған аурулар міндеттерінің талай рет бас көтергені белгілі. Сондықтан дәрігер тағайындаған вакциналарды балалардың толық алуы өте маңызды.
Вакциналардың бәрі инфекциядан өмір бойы толық қорғай алмайды. Нәресте кезіңде егілген бала инфекциядан өмір бойы қорғалады деп ойлау қате. Кейбір вакциналар алғашқы егуден белгілі бір уақыт өткен сон қайта еңгізуді талап етеді. Көптеген вакциналар, мысалы, АКДС, бала кезде бірнеше рет егіледі. Алайда кейбір вакциналар кейін қайтадан егуді талап етеді, бұл күл және қызылша секілді аурулардан толық қоргау үшін қажет.

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СКРИНИНГ (ЕРТЕ АНЫҚТАУ) ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР

2 жасқа дейінгі балалар
ДАМУ: Нәрестелерді және жас балаларды даму кешеуілдеу және мінез-қылық өзгерістері бойынша тексеру керек. Өкшеден алынған қанды зерттеу арқылы фенилкетонурия, гипотиреодизм, галактоземия секілді ауруларға генетикалық зерттеу жүргізу ұсынылады. 12 айға толған соң анемия - қаназдықты анықтау үшін қанды гемоглобин және гематокрит бойынша тексеру ұсынылады.
ТІС: 12 айға толған соң сондай-ақ тісті тексерткен дұрыс. Алғашқы тістер шыққан соң оларды щеткамен және пастамен тазалап тұру керек. Осы уақытта бала емізіктен бас тартуы тиіс.
ВАКЦИНАЛАР: Негізгі вакциналарды, атап айтқанда гепатитке, күлге, сіреспеге, қызылшаға, полиомиелитке, қызамыққа қарсы вакциналарды, сәби екі жасқа дейін алуы тиіс.

2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар
КӨЗДІҢ КӨРГІШТІГІ ЖӘНЕ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ: 4 жаста және одан кейін жыл сайын баланың көзінің көру және есту қабілетін “ексертіп тұру шарт. Сонымен бірге артериялық қан қысымын жылсайын тексеріп тұру керек.
ТІС: Балалар тісті күніне екі рет тазалауы тиіс: танертең және ұйықтар алдында. Құрамында флюориді бар тіс пастасын қолданған дұрыс.
img type=”fileId” fileId=”735” responsive=”y” featured=”y”}
ВАКЦИНАЛАР: Көкжөтелге, күлге және сіреспеге қарсы вакциналарды қайта жасауды қосқанда, вакциналардың бүкіл жиынтығын алу қажет. Сондай-ақ менингококк вакцинасы, ал 11-12 жасар қыз балаларға, болашақта жатыр мойны обырына жол бермеу үшін, папиллома вирусына қарсы вакцина қажет. Балалар жыл сайын грипке қарсы вакцина алуы тиіс.

13-18 жастағы жасөспірімдер
ЖҮРЕК: Жыл сайын қан қысымын өлшеп тұру керек.
ТІС: Тісті куніне екі рет тазалау шарт.
ВАКЦИНАЛАР: Жоғарғы оқу орнына түсер алдында менингококк вакцинасы, ал қыз балаларға — папиллома вирусына өарсы вакдина алу керек (егер бұрын егілмеген болса).

19-34 жас аралығындагы ересектер
ЖҮРЕК: Артериялық қан қысымы кем дегенде жылына екі рет тексеріліп тұруы керек. Егер жүрек аурулары, сусамыр немесе жоғары қан қысымы қаупі болса, сондай-ақ темекі шегетін болсаңыз, жүрек ауруларына тектік бейімдігіңіз болса, жыл сайын холестерин деңгейін және қанның липидтік профилін тексертіп тұру керек.
ТІС КҮТІМІ: Тісті күніне екі рет тазалау керек.
ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ: Төсекке зауықты 24 жасқа дейінгі барлық әйелдерге хламидияның және жыныстық жолмен жұғатын басқа аурулардың бар-жоқтығын жүйелі түрде тексертіп тұру шарт.
21 жасқа дейінгі әйелдер және одан кейін 65 жасқа дейін әрбір
доктор
үш жыл сайын жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін Папаниколау тестінің көмегімен тексеру жүргіздіріп тұруы тиіс.
ТАМАҚТАНУ: Әйелдер күн сайын 400-800 микрограмм фолий қышқылын қабылдауы керек.
ВАКЦИНАЛАР: Жыл сайын күздің басында грипке қарсы егілу керек. Бұған қоса, қажеттілікке қарай, дәрігер басқа да вакциналарды ұсынуы мүмкін.

35 пен 49 жас аралығындағы ересектер

ЖҮРЕК: Қан қысымын тұрақты түрде өлшеп тұру керек. Холестерин деңгейін ер адамдар 35 жастан бастап, әйелдер 45 жастан бастап тексертіп тұруы тиіс. Кейбір жағдайларда дәрігер жүрек сырқаттарының алдын алу үшін арнайы кардиологиялық аспирин қабылдауды ұсынуы мүмкін.
СУСАМЫР: Жыл сайын сусамырдың алдын алу үшін қанда глюкозаның бар-жоқтығын тексерту керек. Ауытқулар анықталған жағдайда, бұдан гөрі терең зерттеулерді қолдану қажет.
ВАКЦИНАЛАР: Жыл сайын күздің басында грипке қарсы егілу керек. Қауіптің бар-жоқтығына қарай дәрігер қосымша егулер тағайындауы мүмкін.
ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ: Жатыр мойны обырын ерте нақтамалау үшін әр үш жыл сайын Папаниколау тестінен өту керек. Кейбір жағдайларда аталған тестіден бұдан гөрі жиірек өту ұсынылады.
ТАМАҚТАНУ: Остеопороздың алдын алу үшін әйелдерге 30 жастан асқан соң күн сайын 1000 мг кальций қабылдау керек. Сондай-ақ әйелдерге күн сайын 400 микрограмм фолий қышқылы қажет.

50 және 64 жас аралығындағы ересектер
ЖҮРЕК: Артериялық қан қысымын жүйелі түрде және әрбір 5 жыл сайын қандағы холестерин деңгейін тексеріп тұру керек. Кейбір жағдайларда дәрігер жүрек ауруларының алдын алу үшін арнайы кардиологиялық аспиринді тұрақты түрде қабылдауды ұсынуы мүмкін.
ТІС: Аталған жас аралығындағыларда парадонтиттің даму қаупі жоғарылайды. Тісті жүйелі түрде (тәулігіне 2 рет) тазалаудан басқа, әрбір жарты жыл сайын тістерді және қызылиекті толықтазарту үшін тіс дәрігеріне қаралу керек.
ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ: Әйелдерге әрбір екі жыл сайын маммография (кеуде безінің рентгенологиялық зерттеуі) жасату керек.
Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін Папаниколау тестін жасату қажет.
Остеопороздың алдын алу үшін әйелдерге күн сайын 1000 мг кальций қабылдау керек. Қауіп жоғары болған жағдайда, дәрігер денсинометриядан - сүйек беріктігін тексеруге арналған тестіден өтуді ұсынуы мүмкін.
ҚУЫК АСТЫ БЕЗІ: Қуык асты безі обырын ерте нақтамалау үшін қанды қуықасты безі-спецификалық антигеніне (Р5А) тексеру керек.
ТОҚ ІШЕК: 50 жастан асқан адамдардың бәріне обырды ерте анықтау үшін тоқ ішекті зерттеуден өткізу керек. Қандай тестіні және қаншалықты жиі пайдалану керектігін дәрігермен кеңесіп анықтау керек.
ВАКПИНАЛАР: Жыл сайын күздің басында грипке қарсы егілу керек.

65 жастан асқан адамдар
ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІ: Артериялық қан қысымын жүйелі түрде тексеріп тұру және әрбір 5 жыл сайын қандағы холестерин деңгейін тексерту керек,
Бұрын-соңды темекі тартқан ер адамдарға аорта (ең ірі қан тамыры) аневризмасын ерте нақтамалау үшін ультрадыбыстық зерттеуден жүйелі түрде өтіп тұру шарт.
ТІС: Аталған жастағыларда пародонтит және тістердің бұзылу қаупі жоғарылайды. Бұл сілекей бөлінуінің азаюына байланысты. Тісті жүйелі түрде (тәулігіне екі рет) тазалаудан басқа әрбір жарты жыл сайын тіс пен қызылиекті толық тазарту үшін тіс дәрігеріне бару керек.
ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ: 75 жастан асқан соң маммография жасамауға болады.
Папаниколау тестін 65 жаста доғарады.
Әйелдерге остеопороздың алдын алу үшін күн сайын 1000 мг кальций қабылдау керек. Жыл сайын денсинометрия — сүйек беріктігін тексеретін тестіден өтіп тұру қажет.
ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІ: Қуык асты безі обырын ерте нақтамалау үшін қанды қуықасты безі-спецификалық антигеніне (РSА)жүйелі түрде тексеру керек.
ТОҚ ІШЕК: 75 жасқа келген соң обырды ерте нақтамалау үшін тоқ ішекті тексертуді доғаруға болады.
ВАКЦИНАЛАР: Жыл сайын жасалатын грипке қарсы вакцинадан өзге пневмококк вакцинасын алу қажет.Төмендегі кестеде ауруларды ерте нақтамалау үшін пайдаланылатын негізгі скринингтік тестілер жөніндегі ақпарат жалпылама
түрде ұсынылған.

Скринингтік тест Қашан өткізу керек
Қандай ауруға Бұл үшін не қажет
Генетикалық
нақтама үшін
өкшеден қан алу
Туған соң
ұзамай
Гипотиреодизм,
фенилкетонурия,
галактоземия
Нәрестенің өкшесінен
алынған қылтамыр
қанын талдау
Қан қысымын
өлшеу
18 жастан кейін
әр 2 жыл сайын
Артериялық қан
қысымының
жоғарылауы
Артериялыққан
қысымын тексеру

Скринингтік тест Қашан өткізу
керек
Қандай ауруға Бұл үшін не қажет
Қандағы холестерин деңгейі
20 жастан бастап әр 5 жыл сайын
Холестериннің
жоғары денгейде
болуы
Қан талдауы (қанды зерттеу)
Пап-Тест (Папаниколау)
Жыныстық
қатысты бастағаннан 65 жасқа дейін жыл сайын
Жатыр мойны обыры
Микроскоптық зерттеу
Колоноскопия 50-ден асқан соң әр 5 жыл сайын
Тоқішек және тік ішек обыры
Эндоскоппен тексеру
Көрінбейтін
қанды анықтау
үшін нәжіс тапсыру
50 жастан асқан
соң жыл сайын
Тоқ ішек және тік
ішек обыры
Көрінбейтін қанға
нәжісті тексеру
Маммография 40-тан 74 жасқа
дейінгі әйелдерге жыл сайын
Сүт безі обыры Рентгенографиялық
зерттеу