Біздің әрқайсымыз қандай да бір дәрежеде уыттымыз. Мұнда әңгіме адамның жеке басы туралы емес, біздің организміміз туралы болып отыр. Уыттар біздің организміміздің тіндерінде болады, және олардан арылу керек. Бұл толып қалған қоқыс шелегі тәрізді. Уақыт өте келе ол бүкіл үйге тарайтын, шыдауға болмайтын жағымсыз иіс
шығара бастайды. Егер біз уыттардан дер кезінде арылмасақ, біздің организміміз де дәл осындай жағдайға душар болады. Біз өзіміз үшін және айналамыздағы адамдар үшін уытты бола бастаймыз, тіпті жағымсыз иіс шығарамыз. Бір қуанарлығы, адамда уыттардан арылу жүйесі бар. Бұл жүйені жұмыс жасайтындай қалыпта сақтау керек.
Уыттар қайдан келеді? Олар әрқашан біздің айналымызда: ауада, суда, көшеде, бөлмеде, аста. Ауаны, суды және тағам өнімдерін өнеркәсіп қалдықтары ластайды. Жыл сайын әлемде миллион кубометр шамасындағы химикаттар тасталады, олардың көбі обыр тудыратын канцерогендер.
Үйде біз детергенттерді және тұрмыстық химияның басқа өнімдерін пайдаланамыз, олар өз бетінше зиянды химикаттар. Көбіміз дәрі-дәрмек ішеміз, олардың басым бөлігінің қосалқы кері әсері бар және организм үшін зиянды.
Организмнің әр түрлі тіндеріне жиналатын уыттар денсаулықта түрлі кінәраттар тудыруы мүмкін, атап айтқанда олар:
• созылмалы шаршау;
• есте сақтау қабілетінің бұзылуы;
• үрейлену;
• бастың ауыруы;
• эмоциялық сыр берулер;
• жүрек сырқаттары;
• обыр;
• аутоиммундық аурулар;
• терінің зақымдалуы;
• гормонның бұзылуы;
• ерте қартаю.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтап, ауаның, судың және тағамның ластануына жол бермей, сондай-ақ организмдегі уыттарды кетіріп, біз организмнің, ішкі сарайдың тазаруына қол жеткізе аламыз.
Қоршаған ортаны ластамаңыз: ол қиын шаруа емес
1. Автомобильмен, әсіресе жанармай шыдатпайтын әрі атомосфераға улы газды көп мөлшерде тарататын джиптармен сирек жүруге тырысыңыз. Мүмкін болса, жұмысқа жаяу барған жақсы.
2. Үй-жайды тым қатты жылытпаңыз: салқын ауа шынығуға сеп. Бірақ тоңазудан да сақтаныңыз.
3. Табиғат аясында демалған соң өзіңіздің отырған жеріңізді жинап кетіңіз. Пластик қалталар мен бөтелкелерді қалдыр-
маңыз — олар табиғатты бүлдіреді.
4. Темекіні көшеге тастамаңыз және қоқысты кіреберіске, лифтіге және аулаға лақтырмаңыз. Бұл тек қоршаған ортаны
ластап қоймай, сіз тұратын көшенің және қаланың келбетіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы, бұл тазалыққа жат, шіріген
қоқыста болатын бактериялар мен химикаттардың кесірінен сіздің және айналадағы адамдардың денсаулығына қауіп
төнеді.
5. Ақыр-соңы айтарымыз, көшеде және қоғамдык орындарда түкіру жай ғана мәдениетсіздік емес. Бұл айналадағы адамдар үшін қауіпті. Сілекейде көптеген микробтар болады, оларды, мысалы, далада ойнап жүрген бала жұқтырып алуы мүмкін. Айналаңыздағы адамдар туралы, сондай-ақ өзіңіз туралы басқалардың қандай пікірде болатындығын ойлаңыз.
Лас ауадан сақтаныңыз, таза су және таза тағам тұтыныңыз
1. Табиғат аясына жиі шығып, өнеркәсіп қалдықтарымен ластанбаған таза ауамен жиірек тыныс алыңыз.
2. Қалада атмосфераны қатты ластайтын автомобиль магистральдарынан және көлік көп жүретін көшелерден алыстау орналасқан жерлерде серуендеңіз.
3. Егер темекі шегетін болсаңыз, оны тезірек тастағаныңыз жөн. Темекі шекпейтін болсаңыз, темекі түтініне толған үй-жайлардан аулақ жүріңіз. Өзгені ойламайтын темекі құмардың түтінінің зияны темекіні өзің тартудан еш кем емес.
4. Үй тазалау кезінде детергенттер және басқа химикаттар пайдаланған жағдайда, аталған химикаттардың теріге тиюіне жол бермеу үшін резеңке қолғап киген дұрыс.
5. Сүзілген таза су ішіңіз.
6. Таза, балғын, мүмкін болса бақшада өсірілген, жемістер мен көкөністер тұтынуға тырысыңыз.
Организмнің уыттардан арылуына көмектесіңіз
Біздің организміміз ішкі уытты заттардан өзі арыла алатындай етіп жаратылған. Ішек, өкпе, бүйрек, бауыр, тері мен лимфа жүйесі секілді ағзалардың жұмысы осыған бағытталған. Егер бұл ағзаларды сау қалыпта ұстайтын болсақ, олар уыттардан жеткілікті дәрежеде арыла алады. Өкінішке қарай, бұл ағзалардың жұмысын біз өзіміз бұзуға бейімбіз.
Мысалы, алкогольді артық іше отырып. біз бауыр мен ішекке зақым келтіреміз. Темекі шегу өкпе тіндерін бұзады. Осы ағзаларды ұлай және бүлдіре отырып, біз организмнің уыттарды шығару қабілетін қиындатамыз.
Адам ауруханаға түскенде оған дәрігерлер көп дәрі жазып береді — бір уыс және де күн сайын. Есіңізде болсын, кез-келген дәрі — у. Ал дәрі-дәрмектің көбі қымбат қана емес, тіпті еш пайдасы да жоқ. Егер сырқаттана қалсаңыз, тек ең қажетті деген дәрілерді барынша аз мөлшерде ішуге тырысыңыз.
Суық тиюді, бастың ауыруын емдеу үшін немесе жай ғана «тазару» үшін біздің көбімізге тамыр арқылы дәрі тамызу ұсынылады. Көбіне мұндай араласудың еш пайдасы жоқ. Егер асқазаныңызды немесе ішегіңіздің қандай да бір ауруы болмаса, екі стакан сүзілге таза су ішіңіз. Оның әсері тура сондай болады. Ауыз арқылы сұйықтық қабылдауды қиындататын немесе жеткіліксіз ететін қан кетулер және күрделі аурулар кезінде тамырға дәрі тамызу тағайындалады.
Бұған қоса, тамыр ішіне дәрі тамызу — ішкі сарайға тікелей араласу. Бұл барлық кезде қауіпсіз емес. Сондықтан мұндай емшарадан аулақ жүріп, одан да таза суды молырақ ішіңіз.
Жасұныққа бай көкөністер мен жемістерді тұтыну арқылы ішкі ағзаларға уыттарды тиімді шығаруға көмектесуге болады. Олар ішектің уытты заттардан арылуына және қандағы холестеринді шығаруға көмектеседі.
Ақыр-соңында айтарымыз, уыттардан арылудың тиімді жолы - дене жатығулары. Дене жаттығулары жүректің қанды бүкіл организмге «айдауына» көмектесіп, уыттарды жинап, оларды тері мен тыныс арқылы сыртқа шығарумен шектелмейді, ол терлеуге жәрдемдеседі, ал термен бірге уыттар да сыртқа шығады. Әрине, бұған моншаның да көмектесетіндігі түсінікті.