Адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі судан тұратындығы белгілі. Және де бастың ми жасушаларының 85 пайызы — су. Тіпті адам сүйегінің де 25 пайызы судан түрады. Адам корексіз бес-жеті апта өмір сүре алады. Ал сусыз бір аптадан артық тіршілік ете алмаймыз. Тәндегі су үнемі қозғалыста болып, жанарып тұруы тиіс.
Адамдардың көпшілігі қайнамаған таза суды сирек ішеді. Әдетте шай, кофе, шырындар мен баска сусындарды калаймыз. Үйкыдан тұрғанда шай немесе кофе ішетініміз рас. Түскі асқа дейін немесе түскі ас кезінде — міндетті түрде шай, кола немесе бір стакан шырын ішеміз. Түскі астан сон және кешкі асқа тағы да шай мен басқа сусындарды пайдаланамыз. Кофе мен шайдың құрамында болатын кофеиннің, сондай-ақ тәтті сусындарға және шырындардың көпшілігіне қосылатын қанттың біздің тәніміздегі суды сорып алатындығын бәріміз біле бермейміз. Сол себепті мұндай сусындардын пайдасынан гөрі зияны басым. Олардың орнына бірнеше стакан қайнамаған таза су ішкен анағүрлым артық.
Белгілі иран дәрігері — доктор Ферейдун Батмангелидж өзінің “Су денсаулык үшін, сауығу үшін, өмір үшін” атты кітабында судың адам өмірі үшін маңызды бірнеше қасиетін сипаттап берді.
> Су сүйек буындарының бетін ылғалдандырады. Ол артриттер мен арқадағы ауырсынулардың
алдын алады.
> Су иммундық жүйенің жұмысын жақсартады, сол арқылы вирустық және бактериялық инфекциялармен күресуге көмектеседі.
> Су қанның қоюлануына және жүрек пен ми тамырларында тромбылардың (қан қатпалары)
пайда болуына жол бермейді. Осы арқылы су инфарктілер мен миға қан құйылудың алдын алады.
> Су ми қызметімен тікелей байланысты, өйткені ол нейротрансмиттерлердің түзілуіне қатысады да сол арқылы ойлау, есте сақтау және ден қою қызметін қамтамасыз етеді.
> Су қарт адамдарға тән есте сақтау қабілетінің бұзылуына жол бермейді, сондай-ақ Альцгеймер, Паркинсон ауруларының және басқа да сыркаттардың пайда болу қаупін азайтады.
> Су біздін сырт келбетімізді жақсартады, өйткені ол теріні ылғалдандырып, оған балғындық пен әр береді.
кружка

Судың пайдасы туралы

Су шектеулі мөлшерде ішілгенде, организм оны ең маңызды ағзаларға бағыттап, үнемдеп жұмсауға тырысады. Мұндай ағзаларға ми, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек жатады. Бұлар суға аса зәру ағзалар, олардың жұмысының бұзылуы организм үшін аса кауіпті. Алайда судың
осылайша бөлінуі салдарынан тері, асқазан-ішек жолы және буындар секілді көптеген басқа ағзалар мен тіндер зардап шегеді. Сондықтан су жетіспеген жағдайда науқастың сыр беруі дәл осы мүшелерде пайда болады.
Судың тапшылығы көптеген белгілер аркылы білінеді — буын аурулары, жоғары қан қысымы, ас қорыту бұзылыстары.
Буын ауруының пайда болу себебі, қалыпты жағдайда су буын сүйектерінің бір-біріне үйкеліске түсетін беттерін ылғалдандырып, қозғалғыштығын қамтамасыз етеді. Су жетіспеген жағдайда буын шеміршектері құрғап, жарылады, ол кәдімгідей ауырсыну туғызады. Бұл әсіресе омыртқаға тән. Омыртқааралык шеміршектердің осындай күйге түсуі салдарынан жүйке тамырлары қысылады, соның нәтижесінде ауырсыну сезімі пайда болады. Бұны әдетте құяң (радикулит) деп атайды.
Қан қысымының жоғарылауы су тапшылығы кезінде қан тамырларының қысылуынан болады. Су организмге жеткілікті болған жағдайда, тамырлар кеңейіп, қан қысымы қалыпка келеді. Сол себепті жоғары қан қысымынан зардап шегетін адамдарға берілетін ең қарапайым кенестердің бірі — суды жеткілікті мөлшерде ішу.
Судың жетіспеуінен болатын ас қорытудың бұзылуы сілекейдің, ас қорыту шырындарының және асқазан-ішек жолының бетін жауып тұратын шырыштың жеткіліксіздігіне байланысты. Олар негізінен судан тұрады және асқазанды қышқылды құрамынан қорғауға бейімделген. Су тапшы болған жағдайда, бұл қорғаныш қызметі зардап шегеді және ол ас қорыту ағзаларының бұзылуына алып келеді.
девушка
«Жанға шипа» деген сөз бекер айтылмаған. Суды жеткілікті тұтыну организмі жасарта түседі. Бұл сырттай қарағанда
әжімдердің тегістелуінен, тері серпімділігінің жақсара түсуінен байқалады. Алайда ең маңыздысы, су ішу мидың
жұмысына он ықпал етеді, атап айтқанда жас ұлғайғанда нашарлай түсетін есте сақтау және ден қою қабілеттерін жаксартады. Мұның себебі, ми жасушаларының 85 пайызы судан тұрады. Ми — адам организміндегі үнемі белсенді жағдайда болатын жалғыз ағза. Ми жасушаларындағы су олар белсенді етуде маңызды рөл атқарады. Ол жетіспеген жағдайда, мидың белсенділігі төмендейді.
Ақыр соңында, су салмақтың түсуіне сеп. Мұның себебі, су жеткіліксіздігі кезінде заттар алмасуы бұзылып, ол өз кезегінде дене температурасын төмендетеді. Бұл олқылықтың орнын толтыру, яғни денені жылыту үшін май тіндері жинала бастайды.
Сонымен қатар, су асқазанды толтыра отырып, тәбеттің тартуын біршама тежейді.

Су көздері

Әрине, ең жақсысы — таза бұлақ суы. Ол бәрінен пайдалы. Мұндай су болмаған жағдайда адамдар суды құбырдан, ал кейбірі үй сүзгіштерінен өткізіп, енді біреулер пластик ыдыстарға құйылған суды ішеді. Құбырдан алынған суда организм үшін зиянды хлор және басқа да өнеркәсіптік тазалау кезіндегі жұғынды болады. Бұған қоса, өнәркәсіптік тазалаудың өзі барлык кезде бактерияларды түгел жоя алмайды. Пластик бөтелкелерге құйылып сатылатын суда поливинил хлорид және бисфенол секілді уытты қоспалар болуы мүмкін. Олар су азық-түлік дүкендерінің сөрелерінде сақтаулы тұрған кезде жиналады.
Сондықтан суды өзіңіз сүзіп, аз уақыт қана сақтағаныңыз жөн.
Және де оны пластик емес, шыны ыдыста сақтаған абзал. Үйге қойылатын сүзгіш құрылғылар дүкендерде контейнерлерімен бірге сатылады әрі бағасы да онша қымбат емес.
Ең онтайлысы сілтілік сүзгіштер. Олар судың қышқылдығын азайтады, бұл денсаулыққа пайдалы. Сонымен қатар, кейбір сілтілік сүзгіштер судың молекулалык құрылымын өзгертіп, оны бұрынғыдан гөрі тығыз әрі қуатты етеді. Мұндай суды гексагональді су деп атайды. Ол организм тіндерінде жеңіл қозғалады, тағамдық заттардың жақсы сінуіне және уыттардың тәннен сыртқа шығуына көмектеседі.
Су мен басқа сұйықтықтардың қышқылдық немесе сілтілік қасиеттері рН латын әріптерімен белгіленетін химиялық тест көмегімен анықталады. 0-ден 14-ке дейінгі шкала бойынша белгіленген рН-нің 7,0 көрсеткіші бейтарап болып саналады. 7,0- ден төменнің бәрі қышқылдықты, 7-ден жоғарғысы сілтілігін көрсетеді.
Адам қанының рН денгейі тұрақты түрде 7,4 болады, яғни ол әлсіз сілтілік қасиетке ие. Өкінішке қарай, адамдардың көбінің қанында несеппен бірге шайылып кететін қышқылдар көп жиналады. Мұндай ахуалдар организмнің уыттарды сыртқа шығару қабілетін нашарлатады. Денсаулықтағы көптеген кінәраттар организмнің ішкі ортасының шамадан тыс қышқылдылығына байланысты деп есептеледі. Бұл созылмалы шаршау, бұлшық еттегі ауырсынулар, сондай-ақ атеросклероз, обыр, сусамыр, аутоиммундық аурулар секілді әлгіден гөрі ауыр сырқаттар және басқа да созылмалы
кеселдер тудыруы мүмкін.
Денсаулыққа қатысты мәселелердің көбінің шешіміне рН деңгейі 7,0 болатын гексагональды (сілтілі) суды пайдалана отырып қол жеткізуге болады. Бұл ішкі ортаның әлсіз сілтілі қалыпты жағдайға оралуына мүмкіндік жасайды және ішкі ағзалар мен тіндердің қызметін қалыпқа келтіреді.
Гексагональды су мәселелеріне терең ғылыми зерттеулер жүргізген корей дәрігері Му Шик Чон оның мынадай артықшылықтарын анықтады: ол жалпы қуатты арттырады, иммундық жүйе қызметін жақсартады, тағамдық заттардың сіңуіне көмектеседі, артық салмақтан арылтады және зат алмасуының жақсаруына көмектеседі.
І-қосымшада Қазақстан нарығында кеңтараған бөтелкедегі ауызсулардың кейбір коммерциялық түрлерінің рН деңгейлері көрсетілген. рН деңгейі 7,0 болатын сілтілік су алудың бір жолы — сілтілік сүзгіш сатып алып, суды үй жағдайында сүзу.

Суды кандай мөлшерде ішу керек

Көріп отырғанымыздай, таза судың пайдасы айқын. Ендігі жерде оны қандай мөлшерде ішу керектігін түсіну керек. Орта есеппен күніне бір жарым-екі литр сүзілген, газдалмаған таза су ішу ұсынылады. Алайда бұл мөлшер құбылмалы. Мәселен, дене салмағы 55 кг болатын әйелдің суды күніне бір жарым литрге дейін, ал салмағы
1 0 кг болатын ер адамның үш литрге дейін ішкені жөн.
Әрине, ішілетін судың мөлшері климатқа, еңбек жағдайына және өмір салтына да байланысты. Ыстық климат жағдайында термен бірге шығатын судың орнын толтыру үшін суды мол ішкен абзал. Сондай-ақ спортпен шүғылданғанда немесе дене еңбегімен айналысқанда да суды көбірек ішу керек.
Барлық көкөністер мен жемістердің құрамында судың болатыны белгілі. Мысалы, алманың 80 пайызы судан тұрады, ал қызанақ пен қарбыздағы су мөлшері — 90 пайыз. Нанда және ұннан даярланған басқа өнімдерде су аз. Көкөніс пен жемістерде дәрумендермен қатар организм үшін аса пайдалы жасұнық (клетчатка) болады. Жасұнық уыттардың сыртқа шығуына көмектеседі және холестерин деңгейін төмендетеді.
Қажетті су мөлшерін мүмкіндігінше күні бойы теңдей бөліп ішіп, ұйықтар алдында шектеген жөн. Шөлдеу сезімін күтпеңіз, ол судың жетіспей жатқандығының белгісі. Түскі не кешкі ас кезінде бөлме температурасындағы бір стакан су ішу жеткілікті.
Шай мен кофеге келетін болсақ, бұларды шамалап ішкен дұрыс — күніне екі кесеге дейін. Гарвард университетінде жүргізілген ғылыми зерттеулер шектеулі мөлшердегі кофеиннің Паркинсон және Альцгеймер сырқаттарының алдын алуға, сондай-ақ 2-типті
сусамырдың, кейбір жүрек ауруларының және тоқ ішек обырының қаупін азайтуға көмектесетіндігін көрсетті. Алайда мұның бәрі кофені шамадан артық ішпеген жағдайда ғана пайдалы. Кофеге тым қатты әуестену, керісінше, зиянды болуы мүмкін.
Шайдың құрамында қан жасушалары үшін маңызды темірдің
сіңірілуін бұзатын заттар болады. Бұл әсіресе жас әйелдерде қаназдық сырқатын туындатуы мүмкін. Сондықтан терлеп-тепшіп жиі шай ішудің, әсіресе тәттілер косып ішудің орнына бір стакан таза су ішкен
әлдеқайда пайдалы. Су сізді жасартып, қуат береді және көңіл
күйіңізді де көтереді.
Неге екені белгісіз, кейбіреулер шайды тым ыстық етіп, кейде
қайнап тұрған күйінде ішкенді жақсы көреді. Бұл дұрыс емес, өйткені ыстық шай ауыз қуысының, кеңірдек пен өнештің шырышты қабатын күйдіруі мүмкін. Егер үнемі, күніне бірнеше рет, осылай қайталанса, зардабы ауыр болуы ықтимал. Ыстық шайды қолыңызға құйып көріңіз - қатты күйіп қалуыңыз мүмкін. Күніне осылай бірнеше рет жасайтын болсаңыз не болатынын көз алдыңызға елестетіп көріңіз.
Шайды жылы күйінде ішкен жөн — сонда оның дәмін жаксы сезесіз. Бұл сусынның отаны — Қытайда шайды жылылай (ыстық күйде емес) ішеді. Айтпақшы, бұл кофеге де қатысты — жылылай ішсеңіз оның хош иісін жақсы сезінесіз.