Ғалымдар «һоmо sаріеns» деп ат қойып, айдар таққан саналы адам пайда болғаннан бері адамзат баласын «қайткенде денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүруге болады» деген сұрақ толғандырумен келеді. Дәл осы тақырыптағы тасқа қашалып, қышқа бедерленген, теріге таңбаланып, папирусқа түскен, қағазға жазылып, баспаға басылған, тіпті
электронды ақпарат құралдарына шықкан зерттеулер мен зерделеулерде есеп жоқ десе де болғандай.
Мықты денсаулық пен ұзақ өмір өткен дәуірдің ғана емес, бүгінгі күн адамын да ерекше толғандыратын мәселелер қатарында. Егер сіз алдыңыздағы компьютердің түймелерін басып қалып, ғаламторда қос тақырыпты кезектесе
теретін болсаңыз, әлемнің алуан тілінде миллиондаған қайнарлар мен мұндалап шыға келеді.
Алуан түрлі ақпараттар ағынын қарастыра отырып, ондағы мамандар мен дәрігерлердің ұсыныстарының сансыз көптігіне ғана емес, кейде тіпті олардың бір-біріне қабыспайтын кереғарлығына да таң қаласың. Оның себебі де жоқ емес. Мәнгі жаз орныққан өлкеде өскен тіршілік иесінің солтүстіктің суығына шыдас бермейтіні сияқты, құрлықтың сан тарабында өмір сүрген алуан нәсілді адамзат ұрпағының өмір салты, тіршілікке бейімделу түрі, табиғи ортасы мен ішер тағамы да түрліше болуына байланысты олардың өмірлік қажеттіліктерінен бастап, әлеуметтік талаптілектерінің спектрі мен иерархиясы да алуан түрлі болып келеді. Ендеше, мыкты денсаулық пен ұзақ өмірдің құпиясын іздеген жан оны алыстан емес, өзі өмір сүрген ортадан және өткен заманның емес, бүгінгі күннің бедерінен іздегені жөн.
Заман өзгергенде, адам да өзгереді. Тіпті біз өмір сүріп жатқан шапқан аттай, атқан оқтай зымыраған заманда қоршаған орта, біз ішіп-жейтін тағамның құрамы да күн сайын өзгеру үстінде.
Сіздердің қолдарыңыздағы кітап - біздің буынға адамзаттың алуан ұрпағын толғандырған жоғарыдағы қос сұрақтың құпиясын бүгінгі ғылым мен медицинада жинақталған мың сан қайнарлардан іздеп, оны жүйелеп, жүлгелеп, бүгінгі оқырманға ұғынықты тілмен жеткізе білген басылым.
Оның авторы — қазақ дәрігерлерінің атақты әулетінен шыққан медицина докторы, профессор Алмаз Шарман. Ол он жылдай АҚШ-тың белгілі ғылыми орталықтарында, осы елдегі ең беделді медициналық жоғары оқу орны — Джон Хопкинс университетінде профессор қызметін атқарып, көптеген зерттеу еңбектер жазған іргелі ғалым, іскер басшы. Профессор Шарман кейінгі жылдары туған еліне оралып, Елбасы тапсырмасымен Қазақстанда тұңғыш рет құрылған Үлттық медициналық холдингті баскарып, оның директорлар кеңесіне төрағалық етуде. Бұған қосымша Назарбаев университетінің вице-президенті әрі профессоры ретінде ұстаздық қызметін де табыспен жалғастыруда. Бір сөзбен айтқанда, әлемдік медицинаның жілік майын шаққан үлкен дәрігер, терең ойлы теоретик ғалым, білікті маман.
Алмаз екеуміз бір жылы туған құрдас әрі сырлас доспыз. Сондықтан мен бұл кітаптың жазылу тарихынан жақсы хабардармын.
Ол - тамаша лектор әрі шебер әңгімеші. Кітапта жазылған көптеген жайларды кезінде маған, біздің ортамызда дәрігердің кеңесі ретінде ауызша айткан. Кейін қойылатын сауалдардың да саны артты, оған сәйкес берілетін кеңестер де көбейді. Кейін солардың бір парасы «Формула здоровья» деген атпен жеке кітап түрінде басылып, аз ғана уақыт ішінде таралып кетті.
Дер кезінде жазылған кітаптың оқырмандары мол болып шықты. Көп ұзамай «Биомедицина: здоровье и долголетие» кітабы жарық көрді. Қос кітап жариялан- ғаннан соң қойылар сұрақтар саны одан әрі көбейе түсті. Ендігі жерде бұл тақырып қарапайым оқырмандарды ғана емес, қазіргі және болашақ дәрігерлерді, мамандарды қызықтыра бастады. Кітаптарда көтерілген проблемалар бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламторда талқыланып, авторға жаңа ұсыныстар мен тілектер айтылды. Профессор А.Шарман солардың бәрін түбегейлі түрде толық- тырып, сіздер парақтап отырған кітапты жазып шықты.
Әр заманның өз ерекшелігі, өзгеше талабы, өз стандарты бар. Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде ғылым мен техника ерекше қарқынмен дамып, дене еңбегін ой еңбегі біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Ғасыр соңына дейін бұрын қолмен атқарылатын өндіріс саласын былай қойғанда, күнделікті тірліктегі сан мындаған жұмыс түрлері автоматтандырылды. Осының бәрі қимыл-қозғалысты азайтып, гиподинамия сияқты жана сырқат түрін шығарды. Жаңа дерт жалғыз келмей адам-ның ағзасына зиянды зардабын тигізетін алуан түрлі сырқаттарды қоса әкелді. Осылайша жаңа заман дәрігерлер алдына соны міндеттер жүктеді.
XX ғасыр адамына уақыт көшінен калмай, бәсекеге қабілетті болу үшін мық-ты денсаулық керек болды. Жаңа заман дәрігерлері бұрынғысынша ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөле бастады. Нәтижесінде тағам түрін жетілдіру мен дене шынықтыру мәселесі алдыңғы қатарға шыкты. Дім-кәс болу дене еңбегі ғана емес, ой еңбегімен айналысатындар үшін де көп кедергі келтіре бастады. Сондықтан XX ғасырдың екінші жартысында денсаулықты сақтау мен адам өмірін ұзартуға арналған түрлі ғылыми жаңалықтар ашылып, ол Батыс қоғамының игілігіне айнала бастады.
Кеңес заманында бұған мүлде керісінше жағдай қалыптасты. Тіпті сырқаттану жаппай әдетке айналды. Жаппай теңгермешілік үстемдік еткен қоғамда кейбіреулер үшін ауру-сырқаулы болудың «пайдасы» да болды. Дәрі тегін, емделу тегін, жалақы толық төленеді. Үзақ емделуден кейін санаторийге берілетін арзан жолдама тағы бар. Жаңа құбылыс елдегі емделу орындарын: түрлі ауруханалар мен емханалар санын көбейтті. Тіпті медицинаның дамуын әр өңір мен елді мекендердегі дәрігерлік орын мен ондағы емделушілердің санымен өлшеу белең алды.
Батыс адамы үшін үнемі аурушаң болу мүлде тиімсіз еді. Дәрігерге қаралу ақылы, дәрі сатып алу үшін де көп каражат керек, ал ауруханаға жату шаш етектен шығынға батумен бірдей болды. Сондықтан Батыс қоғамында аурудың алдын алу, оны мүлде болдырмау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл жаппай спортпен айналысып, шынығып, ширығу үрдісін шығарды және ол біздегідей ұжымдык көрсеткіштер үшін емес, әр адамның денсаулығын нықтау мен өмірін ұзарту мақсатында жасалды. Спорттық жаттығулар арқылы адам денсаулығын шыңдау медицинаның жаңа саласын өркендетіп, өндірісте тұтастай жаңа индустрияны қалыптастырды.
Профессор Алмаз Шарманның кітабының гуманистік кредосы мен басты лейтмотиві: «Үзақ өмір мен мықты денсаулык — әркімнің өз қолында».
Автордың пайымдауынша, адам өз денсаулығының үштен бірін ата-бабадан еншілеген генетикалық күш-қуаттан алады екен. Оны өз ретімен пайдалана алмасаң, аз ғана уақыттың ішінде айырылып қалуын да әбден мүмкін.
Үштің тағы бірі жұтқан ауа, ішкен асқа байланысты болып шықты. Тоқшылықтың жолы осы екен деп шамадан тыс тамақ жеу, ішімдік ішу, темекі тарту денсаулықты әлсіретіп қана қоймай, Жаратушының өлшеп берген өмірін қысқарта түсетіні және де белгілі болды.
Үштің тағы бір парасы үздіксіз қимыл-қозғалыста екен. Егер сіздің мамандығыңыз ертеден кешке дейін қозғалысқа негізделген болса, онда ара-тұра керіліп-созылып, бой жазып отырсаңыз да жеткілікті. Ал егер сіздің кәсібіңіз таңертеңнен кешке дейін стол басында тапжылмай отыруға негізделген қызмет болса, сізге міндетті түрде спортпен айналысып, түрлі жаттығулар жасауға тура келеді.
Алмаз Шарман ұсынатын мықты денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің үштұғырлы формуласы дәл осындай қысқа да нұсқа, ең бастысы, әркімнің қолынан келіп, көкейінен шығатындай анық та айқын.
Кітап авторы біз күнделікті пайдаланатын тағам түрлері мен оның адам ағзасына тигізетін пайдасын түсінікті тілмен тарқатып мағлұмат береді. Шындығында біз өз өңірімізде, қаламызда, ауылымызда, тіпті ауламызда өсетін түрлі көкөніс, жеміс-жидектер мен оның кұрамындағы пайдалы заттар жайлы не білеміз? Күнделікті ішетін суымыздың кұрамы жайлы қандай ақпаратымыз бар? Ауылымыздың іргесіндегі бұлақ суының шипасы қандай? Осы сияқты өте қарапайым, бірақ денсаулыққа тигізетін әсері зор сұрақтардың жауабын да дәл осы кітаптан табасыз.
Қазіргі заманда түрлі диета сақтау, ашығу, арықтауға арналған кітаптардан көз сүрінеді. Шала сауатты мамандар жазған олардың қайсыбірін орындаймын деп сау басына сақина тілеп алғандар да жеткілікті. Ендеше, солардың қайсысы дұрыс, қайсысы бүрыс? Бізге қолайлысы кандай? Кітап авторы осындай сұрақтарға байыпты пайымдаулар арқылы орнықты жауап береді.
Әрине, күн сайын ішкен-жегенінің бәрін калорияға шағып, шотқа қағып отырудың қажеті жоқ болар, бірақ қанағат қарын тойғызатынын ұмытпауға шақырады кітап авторы.
Біз «адам мен табиғат — егіз» дегенді жиі айтамыз. Ал тіршілікте соның қадіріне жетіп жүрміз бе? Өзіміз өмір сүріп жатқан ауыл мен қаладағы табиғат аясында дем алып, бой жазып, жүгіруге уақыт тауып жүрміз бе? Оның өз денсаулығымызды нығайтуға тигізетін қандай пайдасы барын білеміз бе?
Кітапта қала тұрғыны үшін үйден шықпай-ақ немесе арнайы спорт залдарында қандай жаттығулар жасап, спорттың қай түрімен айналысуға болатыны жайлы да егжей-тегжейлі мағлұмат берілген.
Кітаптың тұтас бір бөлігі спорт, түрлі жаттығулар жасау мен қимыл-қозғалысқа арналған. Жас кезімізде айналысып, әлдеқашан ұмытқан спортпен 40, 50, 60, 70 жаста қайта табысуға бола ма? Болса оның қандай жолдары бар? Міне, осы сұрақтардың бәріне байсалды жауапты да дәл осы кітаптан табасыз.
Спортпен айналысатын адамға қойылатын басты шарт — қай спорт түрі сізге қолайлы немесе онымен қалай айналысуға болады? Спорт жаттығуларын жасау мерзімінің ұзактығы қандай болуы керек? Жаттығу кезінде өзіннің жай-күйіңді қалай қадағалауға болады? Автор мұндай сұрақтарды да жауапсыз қалдырмайды.
Профессор А.Шарман қазақстандық авторлар сирек қалам тартатын, бірақ Батыс қоғамы үшін басты проблемалардың біріне айналған — стресс және депрессиямен күрес жайлы да жан-жақты мағлұмат береді. Шындығында біздің қазіргі қоғамымыздағы ен басты проблеманың бірі — сарыуайымға салыну. Маған халық даналығы: «Уайым түбі — тұңғиық, батасың да кетесің» десе, кітап авторы: «Қарсы тұрсан сен оған, мұратыңа жетесің» деп тұрғандай көрінеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдің еңсесі көтерілді, тұрмысы түзелді, өмір салты өзгерді. Адамдар бұрынғысынша айлықтан айлыкка дейін әйтеуір күнкөріс қамы үшін ғұмыр кешудің орнына, тірліктің бар қызығын молынан көріп, бақуатты да барақат өмір сүруді алдына мақсат етіп қоя бастады. Ол үшін мықты денсаулықтын керек екендігін де айқын түсінді. Күш-қуатты сақтау үшін нәрлі тамақ ішіп, қимыл-қозғалыс пен дене жаттығуларын жасау керектігін де ұғынды. Бұрынғысынша спортпен әйтеуір міндеткерліктен құтылу үшін емес, өз денсаулығын мықтау үшін айналыса бастады. Жана спорт түрлері өркендеп, алуан түрлі жаттығу аландары мен спорт нысандары салынды, тіпті спорт табыс табу көзіне айналды. Соның нәтижесінде жаны сұлу, тәні сау жаңа ұрпақ қалыптаса бастады.
Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қанатты сөз бар. Тәуелсіздік жылдары Елбасының жанында қызмет атқарған көмекшілерінің бірі ретінде мен Нұрсұлтан Әбішұлының спортқа, сергектікке негізделген жаңа өмір салтын өзі берік ұстанып қана қоймай, оны өзгелерге де үлгі-өнеге ретінде көрсете білген көргенділігін ерекше атап өткім келеді.
Ата-бабасынан мықты денсаулық еншілеген Елбасы ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ спортқа, салауатты өмір салтына ерекше ден қойып, оған бүкіл халықты жұмылдырды. Алғашқылардың бірі болып қолына теннис ракеткасын алып, кортқа шықты. Соның аркасында аз ғана уақыт ішінде Қазақстанда жүздеген жаңа теннис корттары салынып, осы бір элиталы спорт түрімен айналысатын ондаған мың теннисші-спортшылар өсіп шыкты. Нәтижесінде үлкен тенниспен айналысатын Қазақстан құрамасы әлемдік жиырмалыққа енді.
Әр таңын тренажер залында жүгіруден бастайтын Елбасына еліктеушілер саны да жыл сайын артып, үлкен қалалардағы әрбір үлкен тұрғын үй кешенінде жаңа фитнес залдары қанат жайды. Коньки, шаңғы спортымен жас кезінен-ақ шұғылданған Елбасымыз елуге келгенде тау шаңғысымен айналысып, қысқы спорт түрлерінің өркендеуіне де өріс ашты. Бұл Қазакстанның өз тарихында тұңғыш рет қысқы спорт түрінен Азиада ойындарында бірінші орынды иеленіп, еліміздің әр қиырында қысқы спорт түрлерінің қарқынды дамуына даңғыл жол ашты.
Елбасына еліктеп, ат спорты, суға жүзу спортымен айналысушылар саны артып, тіпті, біз үшін таңсық болып келген спорт түрі — гольфке дейін қазақстандықтар өміріне мықтап ене бастады.
Сөзі мен ісінің арасында алшақтығы жоқ, қай ісімен болса да халқына үлгі бола білген, нағыз ұлт көшбасшысының өнегесі барша қазақстандықтар үшін, әсіресе, жас буын өкілдері үшін тамаша тағылымдық мектеп болып қалыптасты.
Автордың Назарбаев университетінің профессоры қызметін атқарып, ал алдыңыздағы кітаптың Өмір туралы ғылымдар орталығында дайындалуының заңдылығы да осында болса керек.
Жаныңыз сұлу, деніңіз сау болып, ұзақ өмір сүргіңіз келе ме? Бұл сіздің өз қолыңызда. Оған жетуді ертеңге қалдырудын қажеті жоқ. Оны дәл бүгін, тіпті тура қазір бастағаныңыз жөн. Бұл істе сіздің ақылыңызға ақыл қосып, адастырмайтын темірқазық болатын басты кеңесшіңіз — алдыңыздағы кітап. Оқыңыз да, іске кірісіңіз.

Сізге мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеуші,

Мұхтар Құл-Мұхаммед__