Мазмұны

Жалпы ақпарат

Гормондардың қызметі

Гормондық бұзылыстардың себептері


Жалпы ақпарат

Эндокриндік жүйе негізгі сегіз безден тұрады. Бұл бездер гормондарды өндіреді. Гормондар – бүкіл организмнің жұмысына әсер ететін химиялық заттектер.


Гормондардың қызметі

Қан ағымы жүйесі бойынша гормондар тіндерге немесе ағзаларға тасымалданады. Гормондар баяу жұмыс істейді, олар организмде өтетін барлық үрдістердің жұмысын реттейді. Мысалы:

Өсу және даму

Метаболизм – ас қорыту, шығарылу, тыныс алу, қан айналымы және дене температурасын қолдау

Жыныстық қызмет

Репродуктивтік қызмет

Көңіл-күй


Гормондық бұзылыстардың себептері

Егер Сіздің гормондарыңыздың деңгейі тым жоғары немесе төмен болса, Сізде гормондық бұзылыс орын алуы мүмкін. Сондай-ақ, гормондық аурулар организмнің гормондарға қалыпты жағдай кезіндегідей емес серпіні кезінде де пайда болады. Күйзеліс, инфекция, қан құрамының өзгеруі, электролиттер балансының бұзылысы да гормондардың деңгейіне әсер етуі мүмкін.

Эндокриндік аурулардың көптеген түрлері бар, ең кең таралған түрі – қант диабеті. Ол әдетте, организмде өндірілетін гормондар деңгейін бақылау арқылы емделеді. Егер мәселе қандағы гормондардың төмен деңгейінде болса, гормондық препараттармен алмастыру емдеуін тағайындау көмектесуі мүмкін.