Мазмұны
Сүндетке отырғызылмаған ерлерде пенистің ұшы «күпек» атауымен белгілі тері қабықшамен жабылған. Фимоз кезінде күпектің тарылуы пайда болады, ол жыныстық мүшенің ұшында тығыз тартылып, қайтадан орнына еркін қайта алмайды. Фимоз табиғи көрініс болуы мүмкін. Мысалы, 4 жасқа дейінгі ұлдарда әдетте, күпекті ысыру қиын. Жас адамдарда, ерлерде фимоз көбінесе күпектің қабынуына (баланит) немесе қант диабеті секілді басқа ауруларға байланысты болады.
Парафимоз күпек жыныстық мүшенің ұшынан тыс ысырылып, оны қысқанда пайда болады. Күпек өзінің бастапқы жағдайына қайтпайды және пенистің ұшын жаппайды. Бұл ісінудің, ауырсынудың, пенистің ұшына қан келуінің шектелуіне апаруы мүмкін. Егер күпек өзінің табиғи орналасу жағдайына қайтпаса, күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін.
Ерлердің репродуктивтік жүйесі
Фимоз, әдетте, ауырсынусыз өтеді. Дегенмен, күпектің тарылуында несеп шығару немесе жыныстық қызметте қиындықтар пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, фимоз кезінде ерлерге күпектің астындағы теріні тазалау қиынға түседі, бұл инфекциялардың пайда болуына ықпал етеді.
Парафимоз күпектің және жыныстық мүшенің ұшының ауырсынып, ісінуімен сипатталады. Пенистің ұшына қан келуінің ауыр тежелуі туралы күңгірт-күлгін түсіне қарап айтуға болады, бұл әдетте, шұғыл медициналық жәрдемді қажет етеді.
Дәрігер медициналық қарау кезінде фимозды және парафимозды анықтай алады.
Фимоз кішкентай балаларда өздігінше өтеді, ересектерде фимоз операция жасалғанға дейін немесе инфекция емделгенге дейін жазылмайды.
Жеке гигиенаны мұқият қадағалау арқылы фимоздың алдын алуға болады. Ол үшін шомылу кезінде күпекті толығымен ысырып, астындағы теріні мұқият тазарту қажет.
Күпектің жыныстық мүшеден тыс ысырылуында әрдайым мұқият түрде бастапқы орналасу жағдайына қайтарып отырсаңыз, парафимоздың алдын алуға болады. Парафимоз пайда болуында, оның қайталанбауы үшін науқастарға сүндетке отырғызылу ұсынылады.
Фимоздың симптомсыз өтуі емдеуді қажет етпейді. Бұл әсіресе, балалар үшін дұрыс. Егер ұлдарда фимоз өтпейтін болса, немесе несеп шығаруға / гигиенаға қатысты мәселелер пайда болса, гидрокортизон секілді емдейтін жақпа майларды қолдану тиімді болуы мүмкін.
Жасөспірімдер мен ерлерде аурудың алдын алу үшін жеке гигиенаны қадағалау және инфекцияларды уақытылы емдеу жеткілікті болуы мүмкін. Қалған жағдайларда, тұрақты симптомдардың болуында да түзету операциясын (сүндетке отырғызу) жасау қажет.
Егер парафимоз кезінде күпек жыныстық мүшеден тыс ысырылатын болса, оны қысатын болса, төтенше жағдай орын алады, бұл кезде шұғыл медициналық жәрдем қажет. Дәрігер шұғыл түрде күпекті кесуі немесе сүндетке отырғызуды өткізуі мүмкін.
Келесі жағдайларда дәрігерге көрініңіз:
- Күпекті бастапқы орналасу жағдайына әкелуде немесе күпектің астындағы теріні тазартуда қиындық пайда болады
- Күпектің астында қабыну пайда болған.
- Күпек жыныстық мүшенің ұшынан тыс ысырылып, қалыпты жағдайына қайтып келмейді.
Көптеген ерлерде фимоз күрделі мәселеге айналмайды, емдеуді қажет етпейді. Дегенмен, жағдай өздігінше оңалмайды.
Жоғарыда аталғандай, кейде парафимоз шұғыл медициналық жәрдемді қажет етеді. Егер шұғыл медициналық жәрдемге жүгінбесеңіз, жыныстық мүшенің ұшының қайтымсыз зақымдануы орын алуы мүмкін.