Мазмұны

Целиакия деген не?

Целиакияссы бар адамдардың ағзасына глютен қалай әсер етеді?

Целиакияның симптомдары қалай болады?

Мен целикацияға қалай шалдықтым?

Егер мен целиакиямен ауырсам, оның белгілерін қалай байқаймын?

Целиакия – ауыр дерт. Мен оны қалай қадағалай аламын?

Целиакиямен ауыратындар үшін қандай ресурстар бар?

Менде целиакия болмаса, глютенді сезіне алам ба?

Сіздің дәрігерге қоятын сұрақтарыңыз



Целиакия деген не

Целиакия ауруы - тамаққа глютенді қолдану барысында асқорыту жүйесіндегі аш ішектің бұзылуымен сипатталады. Глютен – ақуызда, бидай мен арпаның құрамында болады. Целиакиямен ауыратын адамдар үшін глютен «у» болып саналады.

A 7 2

Асқорту жүйесі ағзалары


Целиакияссы бар адамдардың ағзасына глютен қалай әсер етеді?

Целиакиясы бар адамдарда глютен, адамның өзінің аш ішегі ағзаларына қарсы аутоиммунды реакция жібереді. Ол аш ішекті зақымдайды да, ішілген қоректік заттардың аш ішекке сіңірілуіне кедергі жасайды. Бұл жайт орын алғандай ағзаңыз кальций, ақуыз, көмірсулар, май сияқты қажетті дәрумендермен қоректене алмай қалады. Ал бұл дәрумендерсіз ағза дұрыс жұмыс істей алмайды.

Целиакияның симптомдары қалай болады?
Целиакция көптеген симптомдармен дамиды, сондай-ақ бұл аурудың симптомдары уақыт өте келе ауысып тұрады немесе мүлдем жоғалып кетеді. Жалпы ол мынадай симптомдармен белгі береді:

• Целиакциямен ауыратын жас балаларда көп кездесетін симптомдар, алғашқыда асқорту жүйесінің бұзылуымен сипатталады. Асқазан ауырады, құсады, іші өтеді(тіпті нәжісіне қан араласуы мүмкін), іші қатады, сондай-ақ, өз қатарлыларымен салыстырғанда бойы мен салмағы өспей қалады. Бала тітіркенгіш, кірпиаз, әсершіл болып кетуі мүмкін. Егер балаға дұрыс қорек жетіспесе, оның іші үлкейіп, бұлшық еттері мен сандары жіңішкеріп кетеді. Көптеген целиакциямен ауыратын балаларда артық салмақ пайда болып, семіздік басып кетуі де мүмкін.
• Целиакциямен ауыратын жас өспірімдерде іш өту мен іш қату пайда болады. Қысқа мерзімді. Кеш жыныстық жетілу кезеңі секілді симптомдары білінуі мүмкін. Сондай-ақ, целиакция шаш түсу (ошақты алопеция) немесе тіс ауруы секілді жағдайлармен мазалауы мүмкін.
• Ересектерде асқорыту жүйесінің бұзылу симптомы сирек кездеседі. Бірақ оның орнына, жалпы қалжырау, шаршау, сүйектердің ауруы немесе буындардың солқылауы, тітіркенгіштік, мазасыздық, күйзеліс, сондай-ақ әйелдерде етеккір циклінің бұзылысы пайда болады. Кейбір жағдайларда, іш өту мен іш қату мазалуы мүмкін.
• Целиакциясы бар ересек адамдарда отеопороз (сүйектегі кальцидің жоғалуы) және анеми жиі кездесіп жатады. Остеопороздың симптомдары кешкі сүйек ауруымен сипатталады.
• Сүт қантын пайдалана алмайды (сүтті тағамдарды қайната алмайды) бұл симптом барлық жастағы науқастарда кездеседі.
• Герпетиформдық дерматит (тріде қышытатын көлдіреулер пайда болады ) және ауыз қуысының уылуы целиакциямен ауыратын барлық науқастарда болатын симптомдар.

Мен целикацияға қалай шалдықтым?
Дәрігерлер мен ғалымдар целиакцияның нақты неден пайда болатынын білмейді. Алайда бұл ауру төмендегідей жағдайлардан көптеп кездеседі екен.
• Егер жанұяңызда 1 адамда целиакция болса, әулеттеріңіздегі басқа да әр 10 адамның бірінде болса бұл ауру орын алуы мүмкін.
• Бұл аутоиммунды ауру кезінде, диабеттің 1 түрі, ревматойдты артрит, аутоиммунды тиреоидит немесе гепатит, Аддисон ауруы немесе Шегрен синдромы орын алуы мүмкін.
• Генетикалық бұзылыс кезінде Дауна синдромы мен Тернер синдромы кезінде де пайда болуы ғажап емес.
Целиакция барлық уақытта бірден пайда бола салмайды. Кейбір уақыттардың ішінде ауру симтомсыз дами береді. Ауруды өршітерін факторларға: күйзеліс, физикалық жарақат, инфекция, босану немесе жедел жағдайлар жатады.

Егер мен целиакиямен ауырсам, оның белгілерін қалай байқаймын?
Ауруды анықтау үшін дәрігер қан талдамасын алуы мүмкін. Егер сіз өзіңізде целиакция бар деп күмәндансаңыз дәрігермен кеңесіп көріңіз. Талдама тапсырғанша құрамында глютені бар ұнды тағамдарды бірден доғарып тастамаңыз, алдымен талдама нәтижесін тексеріп алған жөн.
Егер сіздің қан талдамаңыздың қорытындысында целикация болмаса, ішектің биопсиясына диагноз қойылуы мүмкін (жіңішке түтікшенің көмегімен аш ішектің тінінен азғантай бөлік алынады) немесе герпетиформдық дерметитке диагноз қояды (терідегі бөртпенің түрін анықтау үшін ).

Целиакция - ауыр дерт. Қалай мен оны бақылай аламын?
Целиакция – ауыр дерт. Қуанышқа орай сіз глютенсіз диетаны сақтай отырып, целиакцияны бақылай аласыз. Яғни, ендіге өмір бойы құрамында глютені жоқ тағамдарды пайдалануыңыз керек. Диетаны сақтау арқылы аурудың салдарынан зақымдданған жерлеріңізді қайта қалпына келтіруге де болады, әрі өз-өзіңізді жақсы сезінуге де мүмкіндік жасауға болады. Бірақ ішектің рациондық зақымданған бұзылысы қайта мазалауы мүмкін, тіпті сіз бірден өзіңізді нашар сезінбесеңізде.

Глютенсіз диетаны сақтап жүрген адамдар, құрамында бидай, арпа, қара бидай, үшқұлақ, сондай-ақ нанның көптеген сорттары, макарондық өнімдер бар азық-түліктен аулақ жүргені дұрыс. Күріш, жүгері, сулы, алабота, қара құмық, тары сияқты өнімдерде глютен болмайды. Кейбір науқастар құрамында глютен бер деп, сұлыны да қолданбайды екен. Кейбір дәрі өндіретін өндіріс орындарында лютенді пайдаланады, сондықтан жаңа дәрілерді қолданарда дәрігермен кеңесіңіз.

Бастапқыда глютенсіз диетаны ұстау қиынға соғады. Сол үшін өзіңіз және жанұяңыздағы адамдар құрамында глютені бар азық-түліктен қажетті уақытта бас тартқан дұрыс. Тағамдардың құрамында глютен бар-жоқтығын білу үшін, алған азығыңыздың жапсырма қағазын мұқият оқып алғаныңыз дұрыс. Сіз дүкеннен азық-түлік алатын кезде абайлағаныңыз жөн, немесе үйден басқа жерде тамақтанатын кезде де ішер асыңызға жақсылап мән бергеніңіз абзал. Және де сіз тамақ дайындағанда кейбір құрамында ұн бар рецептерден бас тартуыңызға тура келеді.

Целиакиямен ауыратындар үшін қандай ресурстар бар?
Глютенсіз өмір сүру үшін арнайы рецептер мен кеңестер жазылған көптеген кітаптар, веб-сайттар бар.
Сондай-ақ диетологпен кеңессеңіз де сізге пайдалы болмақ. Дәрігер-диетолог сізге рациондағы қандай азықтардан аулуқ болу керектігін, сыртқы жапсырма қағазын оқуғанда неге баса назар аудуру керектігін, қандай тағамдарды қолдануды тежеу керектігін, және сізге нені жеген тиімді екендігін айтып, түсіндіріп береді. Азықты іріктеп алу үшін диетологтан көмек сұрасаңыз болады.

Менде целиакия болмаса, глютенді сезіне алам ба?
Иә, сіз ағзаңыздағы иммун жүйеңізде глютенге әсер болмаса да, оған сезімтал бола аласыз. Глютенге сезімталдық симптомы целиакция кезінен қарағанда жеңіл дамиды, және аглютенді диетаны сақтау кезінде өтеді. Глютеньге сезімталдық симптомы болған жағдайда, не болатыны жайында дәрігермен жақсылап ақылдасып алыңыз.

Сіздің дәрігерге қоя алатын сұрақтарыңыз
• Менің анам целиакциямен ауырады. Менде бұл ауруға шалдығу қауіп бар ма?
• Мен целиакциямен ауырамын. Менің балаларымда осы ауруға шалдығу қаупі бар ма?
• Целиакцияның симптомдары қандай болады және ол ас қорту жүйесіндегі басқа проблемалардан қалай ерекшеленеді?
• Целиакция денсаулықтың басқа да мәселелерінің белгісі болып табыла ма? Демек бұл менде денсаулығыма байланысты басқа да проблемалар бар деген сөз бе?
• Целиакцияны емдеуге бола ма?

Балалардың салмағына байланысты мәселелер (ерлерде/әйелдерде)
Балалардың іш өтуі (ерлер/әйелде)

Тегтер:
ағзаның глютенге төзе алмауы