Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Коронавирустық инфекцияны емдеу және ауру ағымының әртүрлі өтуінің себептері
Коронавирус инфекциясы көп жағдайда симптомсыз немесе болмашы көріністерімен жүреді. Алайда, ауру көбінесе суық тиюдегі ұқсас симптомдармен бірге өтеді: дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, тамақтың қышуы мен жұтынудағы ауырсыну, мұрынның бітелуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу, дененің және бұлшықеттердің ауырсынуы секілді.
Коронавирустық инфекцияның алдын алуда және емдеуде қымыздың орны бөлек
Қымыз – көшпелі ата-бабаларымыздың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, оны қоректік, емдік сусын ретінде медицинада кеңінен қолдануға болады. Атақты тарихшы Геродоттың өзі қымыз туралы жазған болатын. Сондай-ақ, біздің дәуіріміздің басындағы қытай шежірелерінде саяхатшылар, миссионерлер, орта ғасырлардағы этнографтар және кейінгі кездердегі мәліметтерде де осынау бір сусын жайында айтылады.
Коронавирустық инфекцияның зардабы
Соңғы уақытта менің достарымның, жақындарымның және туыстарымның көбісі коронавирусты жұқтырды. Олардың көбісінде инфекция симптомсыз немесе жеңіл түрде өтуде. Араларында ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде болғандары да бар. Ауру дендеп барады, күн санап науқастар саны көбейіп жатыр.
Коронавирустық пандемия кезінде неге маска кию маңызды
Маска неден қорғайды? Коронавирус жұқтырған адам жөтелген кезде, тіпті жай ғана сөйлесіп, тыныс алған кезде де вирустық бөлшектерді бөледі. Вирустар ағзаға ауыз, мұрын және көз арқылы енеді. Маскаларды кию арқылы сіз өзіңізді инфекциядан қорғайсыз.
Коронавирустық эпидемия жағдайында қалай оқшаулануымыз керек?
Бүгінде көптеген адамдарда коронавирус анықталуда. Біразында коронавирустық инфекция ешқандай симптомсыз немесе болмашы көріністермен өтуде. Сонымен бірге ауру көбінесе сиптомсыз басталғанмен, бірнеше күннен соң симптомдар байқалып жатады. Мұны инфекцияның беймәлім немесе жасырын кезеңі деп атайды.
Коронавирустық эпидемия кезінде адамдармен қалай араласамыз
Елде карантиндік шаралардың жеңілдеуіне байланысты салтанатты іс-шаралар, еске алу кештері және басқа да бас қосулар қайта жандана бастады.
Коронавирустың мутанттары алаңдаушылық туғыза ма?
Былтыр ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясын жариялаған болатын. Енді міне, коронавирус молекуласы едәуір қарапайым және құбылмалы екендігі анық болды. Оның әлсіздігі осында, сондай-ақ зұлымдығы да: оның жұқпалығы және салдырынан өлім-жітімге әкелуі тұмауға қарағанда едәуір жоғары болып шықты.
Көгерген азық-түлік несімен қауіпті
Адамдардың көпшілігі азық-түліктерді артығымен алып қойғанды ұнатады. Әдетте, күн сайын дүкенге бара бермеу үшін бір аптаға жететін заттарды алады. Және көбінесе, алған азықтарының жартысы біраз уақыттан кейін бұзыла бастайды, көгеріп жатады, содан соң оларды амалдың жоғынан тастауға тұра келеді. Әдетте бұндай жағдай +20 +30 градус температурада жылы және дымқыл жерде сақталған кезде орын алады. Көгерген азықтың түрі бұзылып, жағымсыз иісі шығады және ол айналасына тез таралады. Оның зияны да жоқ емес.
Көзіміз компьютер мониторынан шаршағанда оны қалай басуға болады
Көптеген адамдар күніне тоғыз сағаттан артық уақытын теледидар экрандарына, компьютер мониторларына және смартфондар мен планшеттерге қарап өткізеді. Мұның бәрінің әсерінен көздің құрғау, шаршау сезімдері пайда болады, бірақ, бұл жайттар қайта қалпына келетіндіктен оған қатты алаңдаудың қажеті жоқ.
Көктемді пайдалы әдеттермен бастау керек
Көктемге қарай біз әлсізденіп, көп сырқаттанып жатамыз, өйткені организм қыстан шаршайды және табиғи себептерге байланысты дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Себебі, көкөністер мен жемістер – дәрумендердің негізгі көзі – қыста қол жетімсіз және олардағы дәрумендердің ұзақ сақталу кезінде күшінің азаюы, бұзылуы мүмкін. Сондықтан, салауатты әдеттермен қаруланып, көктемді қарсы алу өте маңызды. Ғалымдардың пікірінше, жақсы әдеттермен тәрбиелену үшін екі апта жеткілікті екен. Көктемде қандай әдеттерді ұстану керек?
Күн салқындағанда неге тамақ ауруы жиілейді? Қандай алдын алу шараларын жасауға болады?
Біз қазір қыстың желтоқсан айына енгелі бері жыл сайын, суық тиіп ауыратын тұмау инфекциясымен қатар коронавирус жағамыздан алғалы тұрғанын байқап отырмыз.
Күнделікті істейтін қимыл-әрекетеріңіз ең тиімді жаттығулар болып табылады
Ауыр сөмкені арқалап, баспалдақпен күнделікті көтеріліп жүрсіз бе? Немесе автобусқа үлгеру үшін жылдамдатып жүгірген шығарсыз? Егер ондай жағдайлар басыңыздан өткен болса, сіз өзіңіз байқамай, қайталана беретін өте пайдалы жаттығуларды орындап жүрген екенсіз.
Қазақстандағы әйел адамдар арасында гипотиреоз ауруының көбеюіне алиментарлық факторлардың әсері
ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде қалқанша безінің эндокринді бұзылысы бойынша аурулар көрсеткіші қант диабетінен кейін 2-ші орын алады. Әлемде 740 миллион адамда гипотиреоз немесе бастапқы кезеңдегі эндемиялық зоб кездеседі. Ал 2 миллиард адам йод жетіспеушілігі қаупі аймағында. Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы қазір гипотиреоз ауруының дамуына, прогрессивті түрде артуына себепкер болуда.
Қазақстандықтар атеросклерозды қоздыратын өнімдерді көп тұтынады
Атеросклероздың (тамырдың қабырғаларына холестериннен құралған атеросклеротикалық түйіндердің түзілуінен туындайтын ауру) дамуына себеп болатын тағамдар құрамы атерогенді деп аталады.
Қазіргі коронавирус қайдан пайда болды және оның өзгешелігі неде?
Бүгінгі интеллектуалдық және технологиялық ресурстарды қолдана мақсатты түрде мұндай «химераны» құру мүмкін емес. Оған біздің әлі де болса ақылымыз жете қойған жоқ. Мәселе жаратылыс эволюциясында, дәлірек айтсақ табиғаттың «революциясында». Айрықша жетілген биотеррорист – табиғат болып тұр. Адамзат өз әрекеттерімен эволюциялық үрдісті тездетіп, ол өз кезегінде адам баласына үлкен қауіп төндіретін вирустарды туғызды.
Қайсысы пайдалы: жаңа сығылған шырындар ма, тұтас жемістер ме?
Жаңа піскен көкөністер мен жемістер – «тірі тағамның» негізі болып табылады. Олардың құрамында дәрумендер, минералдар мен өсімдік талшықтары сияқты көптеген пайдалы заттар бар.
Қандай жағдайда коронавирус адамдарға жұғады?
Ауру жұқтырған адам есік тұтқасын ұстаған кезде вирус жабысып, келесі тұтқаны ұстаған адамға алақанына мезетте жұғады. Коронавирус өміршең келеді, ол мыс бетінде 4 сағат, картон бетінде – 24 сағат, пластмасса және темірдің бетінде – үш тәулік бойы сақталады.
Қант диабеті және COVID-19
Осыдан алты ай бұрын ғана көпшілік COVID-19-ды тек жай тыныс жолдарының инфекциясы деп санаған болатын. Кейінірек, коронавирус қан тамырларына әсерін тигізіп, нәтижесінде әртүрлі мүшелерді зақымдайтыны, көптеген асқынуларға әкелетіні белгілі болды.
Қатерлі ісікке қарсы жасалған жаңа вакцина лимфомамен күресу кезінде айтарлықтай әсер танытты
АҚШ-тағы шағын клиникалық зерттеулер барысында лимфомамен ауыратын науқастарға қатерлі ісікке қарсы тәжірбелік вакцинаны салып сынап көріп, перспективті нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Nature Medicine журналы
Қатерлі ісіктерді бастапқы сатысында анықтау
Жыл сайын әлемде 20 миллионға жуық адамда қатерлі ісіктің диагнозы қойылады, және диагностикадан кейінгі бірінші жыл ішінде оның жартысы қайтыс болады. Қатерлі ісікті емдеу әдістері соңғы 50 жылда түбегейлі өзгерген жоқ: әдетте ол қатерлі ісік жасушаларын хирургиялық жолмен алып тастап, радиациялық сәулемен және уытты дәрілердің әсерімен емді толықтыратын кешеннен тұрады.
Қатерлі ісіктің пайда болу қаупін 50 пайызға қандай физикалық жүктемелер төмендететіні анықталды
Анықталғандай, қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің үштен бірі дұрыс емес диета және аз қозғалысты өмір салтымен байланысты екен. Физикалық белсенділіктің қорғаныш әсерін қамтамасыз ететін факторлардың ішінде мыналарды атап өткен жөн: физикалық жаттығулар қан айналымын және энергия алмасуын жақсартады, тыныс алу қызметін жақсартады, асқазан-ішек жолымен тамақтың өтуін жеделдетеді, иммундық жүйені ынталандырады, сонымен қатар мутация салдарынан зақымдалған гендерді қалпына келтіруге көмектеседі.
Қоғам пандемия кезінде бейне бір науқас іспеттес
Алты айдан бері әлемнің барлық елдері коронавирустық пандемия жағдайында өмір сүруде. Бұл індет қоғамның барлық салаларын қамтыды. Былай қарасаң, біздің ғаламшар біраз уақытқа дейін тоқтап қалған сияқты.
Егер біздің қазіргі қоғамды науқас ретінде қарастырсақ, ахуал мәз емес. Ауру дендеп барады, инфекция қоғам ішінде кең таралуда. Өз кезегінде бұл қатаң шаралар мен оңтайлы емдеуді қажет етеді.
Қорғасынның балалар денсаулығына қауіпті әсері және алдын алу шаралары
Қорғасын – адам ағзасында жиналуға қабілетті улы, салмағы ауыр металл. Қорғасын металының өзіне қарағанда, қорғасын тотығы адам ағзасы үшін қауіпті. Өнеркәсіпте, әр түрлі ашық түсті бояғыш заттар ретінде, типографиялық өндірісте кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары, ауыр металлдардың ішінде таралуы және уыттылығы жағынан бірінші орынды алып, бала денсаулығына кері әсер етуінен медицина саласында маңызды мәселердің біріне айналып отыр.
Қорылдау қандай жағдайларда денсаулыққа қауіпті болып табылады
Ұйқы кезінде қорылдау - өте жиі кездесіп жататын құбылыс, ол ерлерде де, әйелдерде де кездеседі. АҚШ-тың ұлттық ұйқы қорының статистикасы бойынша, әрбір үшінші еркек және әрбір төртінші әйел әр түн сайын ылғи қорылдайды. Тіпті кейбір тарихшылар Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилль мен Виктория патшайымы ұйқы кезінде жиі қорылдағандары жайлы сөз етеді. Сонымен, неге адамдар қорылдайды?
Қыжылдан құтылудың қарапайым тәсілдері
Қыжыл – көкіректі күйдіріп, кеудені ашытатын жағымсыз жайт. Дәрігерлер оны гастроэзофагеальді рефлюкс деп атайды. Ол асқазандағы сұйықтықтың өңешке көтерілген кезінде пайда болады.